Саяси кеңес бюросының отырыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_2_2-2021_6.jpg13-ші желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы аудандық филиалында саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Аталмыш отырыста "Nur Otan" партиясы Бейімбет Майлин аудандық филиалының төрағасы, саяси кеңес бюросының төрағасы Қайсар Мыржақыпов төрағалық етті. Саяси кеңес бюросының отырысын 7 адам қамтыды,яғни, саяси кеңес Бюросының барлық құрамы қатысты.


Отырыстың күн тәртібінде біршама тақырыптар қозғалды. Нақтырақ айтатын болсақ, Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу туралы, сонымен қатар, аудандық мәслихаттының хатшысын,тұрақты комиссия мүшелерін, "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісін бекіту талқыланды. Саяси кеңес бюросының құрамының шешімімен нақтыланған міндеттерге кандиттар ұсынылды.
10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтті. Сайлау пропорционалды жүйе бойынша өткізілді. Бейімбет Майлин ауданы бойынша науқанға 3 Саяси партия қатысты: "Nur Otan"," Ақ жол"," Ауыл". Аудан мәслихатындағы мандаттардың белгіленген санын ескере отырып және рейтинг қорытындысы бойынша жиналған дауыстарды ескергенде, "Nur Otan" партиясынан 22 кандидаттың ішінен 8 депутат сайланды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане