Мерекелік марапаттар

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_12_12-2021_7.jpgИә, биылғы жылы пандемияға байланысты ауқымды іс-шаралар болмаса да, аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің YouTube каналында мерекелік бағдарламамен онлайн концерт көрермен назарына жол тартқан болатын.


Көктем де келді. Көктем келіп, көк пен жер жаңарып, әсем табиғаттың бусанып, жер жаһанның жайқалып, күн мен түннің теңелер шағы- Наурыз мерекесі келгенде, халық күнделікті қарбалас тіршілігінен бір сәт бас көтеріп, тағы бір жылды аман-есен артқа еңсергендеріне шүкіршілік айтады. Биылғы жылы кең көлемде атап өтпесекте, аудан әкімінің Алғыс хатпен марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы да түрлі салаларда еңбек етіп жүрген жандар Наурыз мейрамы қарсаңында марапатталған болатын. 19 наурыз күні аудандық әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Қайсар Мыржақыповтың қатысуымен марапаттау рәсімі өтіп, ауданның, облыстың және республиканың дамуына нақты үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды. Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Ассоциациясымен бірлесіп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорымен ұйымдастырылған «Ізгі істер керуені» Республикалық байқауының қорытындысы бойынша, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қолы қойылған Алғыс хаттармен келесі қатысушылар марапатталды: «Туған жер» номинациясы бойынша Александр Анатольевич Соболев, Ксения Валерьевна Стецюк, «Мейірім жолында» номинациясы бойынша Владимир Вениаминович Ефременко, «Батыл жүрек» номинаиясында Азамат Тулегенович Асимов мараптталды. Сонымен қатар, ардагерлер қозғалысына белсенді қатысқаны, қарттарды әлеуметтік қорғау бойынша жемісті жұмысы үшін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қауымдастығының алғыс хаты Р.С. Овчарова табысталды. Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы және жеке қол сағатымен Қостанай облысының қоғамдық жұмыстарына жеке үлес және
белсенді қатысқандар үшін ақпараттық технологиялар бойынша аудан әкімінің көмекшісі В.В. Маер, Новоильинов орта мектебінің мұғалімі Т.А. Кужахметов, жеке кәсіпкер А.С. Карпов. Сондай-ақ, АХАТ органдарының құрылғанына 100 –жылдығын мерекелеуге байланысты облыс әкімінің грамотасымен А.Б.Гордейчук марапатталды.
Ауданның дамуына көп жылдық адал еңбегі мен жеке үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Юбилейный орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Н.Ю.Кутькина, қаржы және экономика бөлімінің экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі секторының меңгерушісі Л.Ю. Клочкова, аудандық аурухананың дәрігері Ж.М. Туребекова, Павлов ауылы МП фельдшері Г.Т. Кульмуханбетова, Викторов ауылы ДА акушері М.К.Нуралбаева марапатқа ие болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане