Жалпықазақстандық ашық диктант

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_36_36-2021_1.jpgЭтносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.


Ауқымды шара этномәдени бірлестік өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, кітапхана қызметкерлерінің, этнос жастарының, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өтті.
- ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық диктант жоғары деңгейде өтті. Сауаттылық деңгейінің өскенін атап өткім келеді, жұмыстың бәрі "жақсы" және "өте жақсы" деп бағаланды. Диктант қатысушыларының арасында жастар да, аға буын өкілдері де болды. Мемлекет басшысы Жолдауында өзінің болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге бар күш-жігерін салуы тиіс екенін атап өткен болатын. Сондықтан жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз,- дейді тілдер оқыту орталығының басшысы Армангүл Туктубаева.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане