Ауылда жаңа мешіт ашылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_1_12024-8.jpg

Ауданымызға қарасты Новоильин ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылуына облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы, Қостанай қаласы мешітінің бас имамы Уалиев Бектұрсын, Рудный қаласы мешітінің бас имамы Есмурзин Сабыржан, Лисаков қаласының имамы Асанов Әкімбек және аудан жұртшылығы, кәсіпкер азаматтар, өңірге белгілі ақсақалдар қатысты.
Мұсылман адамға көптеген міндеттер жүктелген. Оның ішінде, Аллаға құлшылық ету, ата-анаға жақсылық жасау, мұқтаж жандарға көмектесу, балаларға дұрыс тәрбие беру және тағы басқалары бар. Қасиетті Құранда ата-анаға құрмет көрсетіп, яғни, ата-ананы ардақтау – бәрімізге парыз. Осындай имандылықты, діни құндылықтарды дәріптейтін мешіт салу арқылы адамдар үлкен сауапқа кенеледі. Бүгін, міне Новоильин ауылында жаңа мешіттің ашылуына куә болдық. Бұл жер жастарды тәрбиелейтін, ата-дәстүрімізді насихаттайтын орын болатыны анық. Қай кезде де мешіт салу – ең үлкен сауап саналады. Осындай жақсы іске атсалысқан барша демеушілерге, ауыл халқының алғысы шексіз,- деді облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.
Мешіттің салтанатты ашылуында қонақтар мен демеушілер құттықтау сөз сөйлеп, имандылық ордасы ел бірлігін сақтаудың ұйытқысы екенін жеткізді.

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_1_12024-1.jpg

 

Облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мен Новоильин тұрғыны, қажы Бестай Күлжамал әже ашылу салтанатында лента қиды. Әжелер шашу шашты. Жаңа мешітке Таджиев Сабыржан Абдірахимұлы имам болып тағайындалды. Имандылық ордасында Құран оқылды.
«Алланың қалауымен Новоильин ауылында әдемі де көркем, бүгінгі заманға сай салынған жаңа мешіттің іші жамағатқа толсын. Алланың үйінде әр адам жақсылыққа бет бұрады. Бұл іс бір адамның қолынан келмейді. Алланың үйінің бой көтеруіне көптеген жан үлес қосты. Барлығыңызға Алланың нұры жаусын» - деді көпшілік.
Жиналған қауым мен қонақтарға Тобыл кенті «Жасмин» кафесінде ас берілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане