- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 25.01.2024 06:33
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 3519
18 қаңтар күні Бейімбет Майлин ауданы Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Тамаша» әдемі әзілмен өрілген тағлымды, ғибратты кеш өтті.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ролдерің тамаша әрі талантты орындады. Әзіл кешінде өзекті тақырыптар қозғалып, халықтың көңілін серпілтті. Халықтың қошеметіне бөленген әзіл кешінде екі тілде қойылымдар сахналанды. Әзілге негізделген көріністер қоғамдағы отбасы мен өмірдің маңызды сәттерінің жүгін көтеріп тұрды. Киелі сахна төрінде тек әзілдер топтамасы ғана емес, кештің музыкалық бөліміне облыс орталығынан келген қонақтар Шыңғысовтар отбасылық дуэты мен жас әнші Ариман Азамат әндері де көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Халық театр жанынан құрылған «Тамаша ойын-сауық отауының әртістерінің алар асуы әлі алда. Бұған дейін де додаларда топ жарып, әзілсүйер қауымның жүрегіне жол сала білген ұжымға аудан халқының да ықыласы ерекше. Кешке арнайы қатысқан ардагерлер кеңесінің төрағасы Овчарова Раиса Сергеевна халыққа шырайлы кеш сыйлаған театр ұжымы өнерпаздарына ықыласын білдіріп, алғысын айтты, сәттілік тіледі. Бұндай кештер дәстүрге айналса деген тілектерін білдірген көрермендердің алғыс сөздері мұны растады. Көңілді күлкі мен қошеметтеріне қарағанда, «Тамаша» көрермендердің көңілінен шықты. Ауылдың өнері, өнерге деген сүйіспеншілігі кемімесін, өнерді қадірлейтін, қолдайтын көрермен көбейсін демекпіз.