Оқушылар айтысындағы жеңімпаз

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_14_142024-7.jpg

27 наурыз күні Рудный қаласында Ыбырай Алтынсариннің Торғай даласында тұңғыш ашқан мектебінің 160 жылдығына арналған «Ыбырай тұңғыш жаққан шырағы» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті.
Айтыстың алғашқы айналымында облыстың әр өңірінен келген 14 жас айтыскер 7 жұп болып шықты. Жыл сайын осы оқушылар айтысына Б.Майлин ауданы Тобыл кентінен Республикаға атағы шыққан, белгілі айтыскер- ақын Мамай Ізтілеу шәкірттері қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді. Биыл №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушылары бірнеше рет айтыс жеңімпазы болып атанған Перизат Амин және бірінші рет Дәуірбек Әлинұр қатысты. Осы оқушыларды айтыс өнеріне шыңдауда мектеп басшысы Алиева Гүлнар Расулқызыныңда өзіндік үлесі зор. Айтыстың қортындысы бойынша Дәуірбек Әлинұр 1 орын иеленіп, 80 мың теңгелік сертификатпен марапатталса, Перизат Амин белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен және 20 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ұстазы Ізтілеу Мамайға оқушылар айтысына шәкірттер дайындап, таланттарға жол ашып, болашақ ақындарға бағыт-бағдар беріп, айтыс өнеріне үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Шығармашылық табыс тілейміз! Алар асуларыңыз көп болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане