- Подробности
-
Категория: №25 (10345) от 21 июня 2018 года
-
Создано 21.06.2018 06:53
-
Просмотров: 5057
Өткен аптада аудан әкімі Қуандық Испергеновтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің залында жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Қостанай облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Лисаков қалалық бөлімшесінің басшысы Қайрат Жамалиевтің, АІІб-нің басшысы Мұратбек Сейтқұловтың, аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі орынбасарларының, аудан мекемелері мен кәсіпорын басшыларының, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, ауылдық округ, ауыл, кент әкімдерінің қатысуымен өткен отырыста жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысының қорытындылары туралы, жеке және заңды тұлғалардың 2018 жылғы бес айдағы өтініштерін қарау туралы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Кәкімжан баяндаса, аудандық мемлекеттік органдары басшыларының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Галина Филиппова берді. Жиналғандар күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың төңірегіндегі баяндамасын Калинин ауылдық округінің әкімі Марат Шоңғалов та ұсынды. Сандарға, статистикаға және қажетті мәліметтерге негізделген баяндамашыларға қатысушылардың тарапынан қосымша сауалдар қойылған жоқ. Аталмыш комиссия отырысы қорытындыланып, мемлекеттік мекеме басшыларына, ауылдық округтердің, кенттің әкімдеріне мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылатын оқыту семинарларына, аудандағы жемқорлықтың таралуы бойынша көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмысқа, атқару мерзімдерінің сақталуына қатысты ұсынымдар берілді.
Ал, қылмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында 2018 жылғы бес айдағы аудандағы қылмыстың жағдайы туралы және оны құқық қорғау органдарының қысқарту жөніндегі шаралары туралы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мұратбек Сейтқұлов ақпараттандырса, тең баяндамашылар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бекболат Уәлиев, білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Әлімбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Құлжанова, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғұрбаев қоғамдық мағынада әлеуметтік антинаркулезге қарсы иммунитетті қалыптастыру және нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар БАҚ, интернет ресурстар арқылы қабылдаған шаралар туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. 2018 жылғы жазғы демалысқа кәмелетке толмағандарды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ, спорт, бос уақытты бөлімдер мен клубтар желісін дамыту жайлы да Айгүл Алимбаева, Светлана Құлжанова мен денешынықтыру және спорт бөлімінің аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Никита Транда мәлімдеді. Сұрақ-жауап алаңына айналған қылмыстың алдын алу жөніндегі жиында бірқатар өзекті мәселелер де көтерілді, әсіресе, аудан әкімі балаларының жазғы сауықтандыру демалысына аса назар аударды. Отырысты қорытындылай келе, бөлім басшыларының әрқайсысына тиісті ұсынымдар берілді.