- Подробности
-
Категория: №27 (10347) от 5 июля 2018 года
-
Создано 05.07.2018 06:31
-
Просмотров: 4753
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Онда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді.
Бюро отырысын аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Испергенов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне орай депутаттық фракцияның төрайымы Наталья Руднева аудандық депутаттық фракциясының атқарған жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаттары Бекболат Уалиев, Никита Транда және тұрғын үй комиссиясының жұмысы туралы аудан әкімінің орынбасары Даурен Боранбаев атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Бұдан бөлек, саяси кеңес бюросының отырысында аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдау кестесі бекітілді. Сонымен қатар партияға қабылдау шаралары өткізілді.
Бюро отырысын қорытындылаған аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Қуандық Испергенов партия жұмысын жандандыру, қоғамдық қабылдау жүргізу, тұрғын үй мәселесіне қатысты бірнеше мәселелерді тілге тиек етті.