Тілдер күні аталып өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_37_37-2018_6.jpgҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5-қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні –Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.


5 қыркүйек күні Новоильинов орта мектебінде осы ұлы күнге орай «5 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері» күні атты стенд рәсімделді. Қазақ тілі, ағылшын тілі ұстаздары Г.Г. Нұрмухамбетова, Д.А. Ауляисова, Г.К. Мадигалиева оқушыларға стендтің презентациясын жасап, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар, орыс, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері А.Ж. Байсапақова, Б. Құланбай, С.С. Қиябаева «Үштілділік-заман талабы» атты қабырға газетін үш тілде жариялады. Заманауи қоғамға үштілділіктің маңызы орасан зор екені балаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеткізілді.
Тіл мамандары А. Марат, Ж.А. Ибраева, Ю.А. Буллер орта буынның оқушылары үшін « Полиглот» сайысын өткізді. Қызықты тапсырмаларды балалар үш тілде орындап, белсенділік танытты. Жеңімпаз топ мадақтама мен сыйлықтарға ие болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане