- Подробности
-
Категория: №44 (10364) от 1 ноября 2018 года
-
Создано 01.11.2018 07:24
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 4536
Жақында облыс орталығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастарды анықтау, қолдау көрсету, жастардың болмысын көрсету мақсатында республикалық жастар форумы өтті. «Тілі бірдің – тілегі бір» атты іс-шараға жергілікті тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушысы да қатысты.
Облыс әкімінің орынбасарының, айтулы ел азаматтарының қатысуымен өткен форум бірнеше секциялардан тұрды. Пленарлық мәжілістің салтанатты ашылу сәтінде сөз алған арнайы шақырылған қонақтардың бірі игі тілектерін білдірсе, енді бірі мемлекеттік тілді қалай меңгергендері, өздерінің жетістіктері жайлы сөз қозғады. Қысқасы, жылы лебіздер де, құттықтаулар да, марапаттаулар да болды.
Ауқымды форумда қатысу мүмкіндігіне ие болған тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері Аида Какимжанова мен Гүлнұр Бобжикова да, оқытушы Кристина Горн да (фотосуретте) бірауыздан: «Көпшіліктің көкейіне үміт отын жағып жүретін, биік шыңдарды бағындырған мамандардың, жастардың басын бір арнаға тоғыстырған семинар тілдің тұғырын көтеріп, мәртебесін асқақтатумен қатар, бізді де ынталандырды», - деген әсерімен бөлісті. «Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына ауыл жастарының қосқан үлесі» секциясына қатысқан мамандарымыз қатысқанды растайтын сертификаттарға ие болды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен форум облыстық филармонияның концертімен, сондай-ақ, қазақ драма театрының әртістерінің спектаклімен аяқталды.