- Подробности
-
Категория: №45 (10365) от 8 ноября 2018 года
-
Создано 08.11.2018 11:29
-
Автор: Жанар Досмухамбетова
-
Просмотров: 4971
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының орынбасары, облыстық депутаттар фракциясының мүшесі және аудандық мәслихат депутаттарының бірқатары Новоильин ауылының тұрғындарымен жүздесті.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыздың Жолдауының негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу тетіктерін түсіндіру мақсатымен ауылдық елді-мекендерді аралап жүрген Айнаш Даданова, Салават Байнакатов, Валентина Шек осы жолы Новоильин орта мектебінің ұжымымен кездесті. Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы барысында мектепке дейінгі білім беру бағыты жиналғандарға тікелей қатысты болғандықтан, аталмыш бағытқа ерекше екпін жасалды.
«Бүгінде ауданымыздың мектепке дейінгі білім беру жүйесі төрт мыңнан астам бала тәрбиеленетін жиырма бес шағын орталық пен төрт балабақшаны қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымдарымызда жүз он төрт тәрбиеші қызмет етуде. Осы орайда, айтарым, Елбасымыз бұл Жолдауында тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет екендігін айтқан болатын. Енді тәрбиешілердің, сондай-ақ ауылдық округтердегі фельдшерлік акушерлік пунктілердің қызметкерлерінің де еңбекақысы артады», - деді өз сөзінде облыстық депутаттар фракциясының мүшесі Айнаш Даданова. Қонақтарды жылы қабылдаған ұжым тарапынан небір көкейтесті мәселе көтерілген жоқ. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы әлі де жалғасатын болады, оқырман қауым!