- Подробности
-
Категория: №48 (10344) от 29 ноября 2018 года
-
Создано 29.11.2018 06:27
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 4686
Өткен аптада тілдерді оқыту орталығында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының аясында «ҚАЗТЕСТ жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тіл үйренушілер мен қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шара қалай өтті?
«Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
«ҚАЗТЕСТ жүйесі:жетістіктері мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!», - дей келе, тілдерді оқыту орталығының әдіскері Венера Уәлиева дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстырып өтті. Ал, дөңгелек үстелдің мақсаты қандай? Мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқырман қауым. Жиналғандар негізгі тақырып төңірегінде оқылған мәлімет бойынша талдау жүргізіп, туындаған сұрақтарына мамандардан жауап алды. Қазақ тілінің қызметте қолданылуы, ауданымыздағы қазақ тілінің мәртебесі де назардан тыс қалған жоқ. Қызықты деректер мен сұрақ-жауаптарға, ситуациялық және басқа да түрлі тапсырмаларға толы болған дөңгелек үстел қатысушылардың көңілінен шықты десек, артық айтқанымыз емес.