Қарашаның 30-ы күні С.Ерғалиев атындағы орта мектептің акт залында мектеп директорларының, ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық комиттеттердің төрағалары, балабақша меңгерушілері қатысқан қоғамдық тыңдалым өтті. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның модераторы Айгүл Алимбаева кездесуді қоғамдық тыңдалымды кіріспе сөзімен және оны өткізудің мақсатымен таныстырып өтті.
«2018-2019 оқу жылына арналған 1 тоқсан қорытындысы бойынша Таран ауданының білім беру жүйесінің жағдайы туралы» атты көпшілік алдындағы баяндамасын ұсынған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева сөзін: «Баланың тұлғасын тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара бірлестік негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыруда әртүрлі ұйымдардың күшін біріктіруіміз керек. Ауданның білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінде ата-аналар қоғамдастығының рөлін арттыру қажет», - дей келе, ол ауданымыз бойынша білім жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жайлы есеп берді. Сандар мен көрсеткіштерге, нақты істерге сүйене отырып, күрделі саланың түрлі бағыттары бойынша атқарған жұмыстары үшін білім беру бөліміндегі әдіскерлерге алғысын білдірген басшы ұстаздар қауымы мен топты жарған оқушылардың жетістіктерін де тілге тиек етті. Ал, күн тәртібіндегі «Білім берудің жаңа сапасына дарынды және зерек балаларды дамыту арқылы» тақырыбында сөз сөйлеген Май орта мектебінің директоры Елена Журавлеваның да қоғамдық тыңдалымға тыңғылықты, үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Баяндамасын Лев Толстойдың дәйексөзінен бастаған Елена Борисовна да презентациясын ұсынумен қатар, отырғандармен мектебінің жетістіктерімен бөлісті, негізгі тақырыпты жан-жақты зерттеп, талқылады. Ал, «Жастар-2012» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Назаров тәрбие-оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы үкіметтік емес сектордың және білім беру ұйымдарының өзара әрекеттестігі жайлы қысқаша айтып, Май және Асенкритов орта мектептеріне аудандық, облыстық іс-шараларға қатысатын, экологиялық жасақтың жұмысына белсенді атсалысатын еріктілерді тәрбиелегені үшін Алғыс хат табыстады. Қоғамдық тыңдалым өзекті мәселелерді талқылаумен жалғасып, тиімді ұсыныс берумен аяқталды.
13.02.2025 07:38
В этом году мы отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. В нашей рубрике «Летопись времен» мы...
13.02.2025 07:37
Шаңғы фестивалі – бұл қысқы спорт түрлерін сүйетіндердің және табиғатта уақыт өткізуді жақсы көретіндердің асыға күтетін оқиғасы. Бұл іс-шаралар әдетте...
13.02.2025 07:35
Продолжается активная работа в рамках государственной экологической акции «Таза Қазақстан». Главная цель всех мероприятий направлена на идею экологического патриотизма, объединяющего...
13.02.2025 07:34
Әрбір қоғамның негізін адал еңбегімен өркендететін жұмысшылар құрайды. 2025 жылды «Жұмысшы жылы» деп атап, еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның құқығы...
13.02.2025 07:32
МВД напоминает, что при движении по зимней дороге (в гололед, по свежевыпавшему снегу, по укатанному снегу) важно учитывать влияние погодных...
13.02.2025 07:31
Өткен аптаның жексенбісі күні С.Ерғалиев мектебінің базасында аймақтық мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойыннан сайыс өтті.
13.02.2025 07:30
В рамках противодействия правонарушений и обеспечения безопасности граждан в центральной районной библиотеке состоялся круглый стол сотрудников отдела полиции, начальника местной...
13.02.2025 07:29
В начале 2025 года Центральная районная библиотека района Беимбета Майлина представила девятый выпуск информационно-справочного издания — «Календарь дат и событий...
13.02.2025 07:28
В минувший понедельник в фойе ДК им. Е. Умурзакова состоялась ярмарка вакансий, направленная на поддержку безработных, в том числе из...
13.02.2025 07:26
2024 год стал знаменательным годом в Костанайской области для Женского крыла партии «AMANAT». 60% из 46 000 членов партии -...
13.02.2025 07:25
АО «Отбасы банк» является оператором по реализации программ и проектов приобретения жилья по льготным и выгодным условиям.
13.02.2025 07:22
В целях повышения эффективности работы с населением, усиления разъяснительной работы общественные приемные партии обеспечивают организацию приема граждан, в том числе...
06.02.2025 08:54
29 января в стенах библиотеки состоялось мероприятие «Заходи! Смотри! Читай!», объединившее любителей книг и ценителей литературы. Библиотекарь Нина Корякина провела...
06.02.2025 08:51
Более 45-ти лет посвятила себя птицеводству Вишниченко (Функ) Наталья Григорьевна, жительница с. Майское.Наталья Григорьевна родилась 30 января 1961 года в...
06.02.2025 08:49
В нашей постоянной рубрике «Человек труда» мы говорим о тех, кто своим примером безупречного труда доказал, что можно заниматься любимым...
06.02.2025 08:40
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияған бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық, кәсіптік...
06.02.2025 08:37
Салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту аясында Тобыл жалпы білім беретін мектебінде ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары...
06.02.2025 08:36
Дін саласы – аса нәзік, ұқыптылықты қажет ететін, руханияттың өзегі болған маңызды бағыт. Осы орайда, дін мамандарының жан-жақты, білікті болуы...