Азаматтарымызға алғысымыз шексіз

Қазақ халқы - жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Қуантарлығы, осындай игі істі, ізгі жолда жүрген жандар біздің өңірімізде де бар.

 

Қаңтар айында аудандық «Әйет» мешітінің бастамасымен қатты аязға байланысты ауыл тұрғындарына тегін такси қызметі ұсынылды. Қасиетті жұма күні қайырымдылық акцияда белсенділік танытқан Бауыржан Жетпісов және Азамат Мұхамбетжанов жеке көліктерімен үлкен кісілерді мешітке, кейін үйлеріне жеткізіп, баталарын алды. Көмек қолын берген бұл азаматтарға жерлестеріміздің де, мешіт ұжымының да алғысы шексіз. Аудан орталығындағы мектеп интернатының қызметкерлері де қайырымды, әрі қамқор Азамат Мұхамбетжановқа ризашылығын білдіруде. Аталмыш іс-шара аясында да, оған дейін де өз ниетімен интернат қабырғасындағы ұлдардың шашын тегін алып жүрген көрінеді. Жасыратыны жоқ, мұның өзі, әсіресе, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін сауабы мол іс десек, артық айтқанымыз болмас.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане