- Подробности
-
Категория: №7 (10327) от 15 февраля 2018 года
-
Создано 15.02.2018 06:33
-
Просмотров: 4417
Бақыт Қапасқызы, еліміздің Үкіметі мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне көп назар аударады. Оның артықшылығы неде?
Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Үкіметтің бағдарламасына сәйкес, архивтік анықтаманы балама негізде «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) арқылы алуға болады. Сонымен бірге қызмет алушы өзінің уақытын және қаражатын үнемдейді, яғни бір жерге барудың қажеті жоқ. Қызмет алушы архивтік анықтаманы ХҚКО арқылы немесе «»Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырыс бере алады.
Біз «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсетеміз, архивтік анықтама беру тегін көрсетіледі. Архивтік анықтаманы қызмет берушіге тапсырыс жасап, сонымен қатар, ХҚКО-нда алуыңызға болады. Егер электрондық-сандық қолтаңбаңыз болса, үйіңізден шықпай-ақ веб-портал арқылы анықтамаға тапсырыс беріп, оны өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша пошталық байланыс арқылы алуыңызға да болатынын айта кету керек. Айтпақшы, веб-порталдағы «жеке кабинетте» архивтік анықтаманың дайын екендігін көре аласыз.
- «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзіміне тоқталып өтсеңіз...
- «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы» әкімдіктің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 қаулысы бойынша 2018 жылғы 3 ақпаннан бастап мемлекеттік қызмет 11 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.Бірақ, бұл ретте қызмет беруші қызмет пошталық байланыс арқылы көрсетілсе, мұнда пошталық байланыстың жұмыс күндерін ескеру қажет екендігін ұмытпауы тиіс.
- Аудандық архивте балама негізде мемлекеттік қызмет көрсету саны бойынша өзгерістер бар ма?
- Өзгерістер бар. Сондай-ақ, айтарым, 2017 жылы барлығы 1770 «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметі түсті және көрсетілді. Соның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы - 1259 мемлекеттік қызмет, яғни пайыздық қатынаста - 71,1%. Былтыр жыл бойы архивіміздің қызметкерлері балама негізде «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізді. Нақтырақ айтсақ, жұртшылықпен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат, архивте экскурсия, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерімен бірлесіп семинарлар өткізу секілді басқа да шаралар өткіздік. Жаңа 2018 жылы да аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері осы бағыттағы жұмысын жалғастыратын болады. Ұйымдастырылатын іс-шаралардың барлығы да Таран ауданы әкімінің сайтында жарияланады.