- Подробности
-
Категория: №8 (10328) от 22 февраля 2018 года
-
Создано 22.02.2018 06:38
-
Просмотров: 3640
Ақпанның 18-і күні ауданымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауқымды спорттық іс-шара өтті. Шараның ұйымдастырылуына аудандық «Әйет» мешіті ұйытқы болды.
Жітіқара, Лисаков, Рудный, Качар, Тобыл, Таран елді-мекендерінің мешіттеріне баратын жастардың, мешіт жамағатының басын қосқан аталмыш шара аудан орталығында өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзиннің айтуынша, мұндағы басты мақсат – азаматтарға Елбасының саясатын түсіндіріп, хабардар ету, сыйластық идеяларын насхаттау арқылы татулыққа, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру.
Кез келген ерікті ниет білдіруші арқан тарту, қол күресі, мылтық ату, үстел теннисі және футболдан сайысқа түсіп, бақ сынады. Бірнеше сағатқа созылған спорттық дода қызу өтті. Ойыншылардың белсенділік танытып, жақсы ойын көрсеткенін байқамау мүмкін емес еді. Қимыл бірлігін қалыптастырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейтін футбол, арқан тарту ойындарында тартысқа командалар түссе, спорттың дәлдікті, білектің күшін, жылдамдықты талап ететін қалған үш түрінен жекпе-жек жарысты. Нәтижесінде 1-ші орынды Лисаков қаласының «Әс-сәләминь» мешіті жеңіп алса, 2-ші орынды рудныйлық «Нұр» мешіті иеленді. Ал, Таран ауданының «Әйет» мешітіне 3-ші орын бұйырды. Шара қорытындысында барлығы да мадақтамалармен және кубоктармен марапатталды.
Айта кету керек, демеушілік еткен Мұратбек Сейтқұловтың, Кенжетай Мұқановтың, Айбатыр Ахметбековтың, Серікбай Қадамбаев пен Сәлімхан Мурзагуловтың арқасында өңірлік спорттық шара ойдағыдай өтіп, ат терлетіп келген қатысушыларға ақ дастарқан жайылды. Жұртшылықты татулыққа шақырып, бірлікке бастаған шара елдігіміздің ынтымағын арттырып, рухани қолдауға ие болған айтулы шараның ұйымдастырушыларының атынан қолдау көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз.