География пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_6_6-2016-97474.jpg31 қаңтар күні Қостанай қаласында география пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы өткен болатын.


Жалпы олимпиаданың мақсаты:
-оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын ынталандыру;
-ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
-дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді жақсарту және көпшілікке тарату.
Аталған олимпиада да аудан намысын Асенкрит ОМ мектебінің оқушылары: Стугарева Ольга 6 - сынып оқушысы, Лопатина Алена 7 - сынып оқушысы, Тагиев Рустам 8-сынып оқушысы қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша Тагиев Рустам 2 - орынға ие болды.
Рустам өте ынталы оқушы, оқу қызметіне адал, ынтамен қарайды. Ой-өрісі кең, есте сақтау қабілеті белсенді, ойлау логикасы жақсы жетілген дарынды оқушы. Ол барлық сыныптан тыс іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады. Күн сайынғы қажырлы еңбектің, әртүрлі интеллектуалдық конкурстарға қатысудың арқасында бала жақсы деген нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Аталмыш олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз сертификаттармен марапатталып, болашақта өздерінің пайдасына тиетін үлкен тәжірбие ала білді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане