Аудандағы аға-апаларға айтар алғысым шексіз!

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_9_9-2019-2.jpgАлғыс айту күні - тәуелсіз елдің әрбір азаматтарының бір-біріне деген сыйластығы мен құрметін білдіретін айтулы күн. Бұл күнді еліміз 2016 жылдан бері "Алғыс айту күні" деп атап өтуде. Әрине, бұл - Елбасымыздың бастауымен орын алған жайт. Тәуелсіз мемлекетте қаншама этнос өкілдері бір аспан астында бейбіт өмір сүруде. Олай болса, дәл осы күн - сол әрбір ұлт өкілдері мен қонақжай қазақ халқын одан әрі жақындастыра түсіп, бір-біріне деген шын көңілдері мен таза ниеттерін білдіретін күн.


Алғыс айту күні жайлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын.
Жалпы, біз күнделікті өмірде "рақмет" деген сөзді көп қолданамыз. Ал, бұл сөзді кейде амалдың жоғынан да айтып жатамыз. Десе кде, жылына бір рет бүкіл ұлт болып шын ниетпен өзіміздің жақындарымызға, бізді тәрбиелеп, өсірген ата-анамызға, білім нәрін берген алтын ұямызға, аяулы ұстаздарымыз бен туып-өскен жерімізге, балдырған балалық шағымыз бен болашағымызға, дәл осы бейбіт күнге жетуімізге себепкер болған ата-бабаларымызға алғыс айту, сірә, артық етпес. Сондықтан да, бұл күнді ерекше, айтулы күн деп қабылдау керек. Өйткені, біз барлық кезеңде ізгі алғысымызды білдіре бермейміз. Мен де дәл осы күнді пайдаланып, ауданымызды көркейтуде бар күшін салып, аянбай еңбек етіп отырған Таран ауданы әкімшілігіндегі аға-апаларға, Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің ұжымына, Алимбаева Айгүл Темірханқызы бастаған "Таран аудандық білім беру бөлімі" ұжымына, өзім түлеп ұшқан, алтын ұям - "С.Ерғалиев атындағы орта мектептің" басшылығы мен барша аяулы да құрметті ұстаздарына, "С.Ерғалиев атындағы орта мектеп жанындағы мектеп-интернат" ұжымына, мектеп қабырғасында жүріп үлкен жетістіктерге жетуіме себепші болып, мені қолдаған барша жандарға шын жүректен алғысымды білдіріп, барша аудан тұрғындарын осы айтулы күнмен құттықтағым келеді. Ерекше лебізім мен ыстық алғысымды мені осы өмірге алып келіп, бағып-қағып, өсіріп, тәрбиелеп, тек биіктен көрінуіме себепкер болған ата-анама, маған әрдайым сенім артқан бауырларыма, өзім білім алған орта мектеп директоры Мадибаев Аслан Ізбасарұлына, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досмұхамбетова Жұман Төлегенқызы мен мектеп-интернат меңгерушісі Шонгалова Гүлсім Джумакулқызына айтқым келеді. Алғыс айту күнінде тек "алғыс білдіремін", не "рақмет" деп айту жеткіліксіз, бұл күнде бар айтылар тілек пен алғыстар шын жүректен шығуы керек. Сонда ғана, бұл айтулы күн - басқа күндерден ерекшеленіп, өзіндік статусына ие бола алады. Алғыс айту ешқашан да артық етпейді. Алғыс айттым екен деп кішірейіп қалмайсың, керісінше, бұл - сенің ізеттілігіңнің, ішкі жан дүниеңнің тазалығының, жүрегіңнің кішіпейілділігін көрсетеді. Сондықтан, ешбір сәтте алғыс білдіруден, разылығыңды айтудан қысылмау және қашпау қажет. Бұл да бір нағыз адами қасиеттің көрінісі.
"Алғыс айту күні" - татулық пен разылықтың, шын көңілден айтылған алғыс пен нағыз кішіпейілділіктің, бейбіт өмірдің символы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане