Шаңғышылар кездесуі

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_4_4-2019-12.jpgАудан орталығында шаңғымен сырғанаудан чемпионат өткізілді.


Ағымдағы айдың 19 күні Әйет ауылында шаңғымен сырғанаудан аудан біріншілігі өткізілді. Аталмыш іс-шараға ауыл-аймақтардан алпыстан аса шаңғышы қатысты. Қатысушылардың арасында спортсүйер бүлдіршін қауымнан бастап спорт ардагерлеріне дейін болды. Шаңғымен сырғанау бойынша достық кездесудің қатысушылары жас ерекшеліктеріне қарай алты топқа бөлінді.
Бұл іс-шараны өткізу жылсайынғы жақсы дәстүрге айналды. Спортшылар саны да жыл өткен сайын артып келеді. Достық кездесу деп атайтын себебіміз – білікті спортшылармен қатар бұл іс-шараға спортқа қызығушылық танытып жүрген азаматтар да қатысады. Шаңғышылардың көрсетіп жатқан нәтижелері де көңіл қуантады, - дейді дене - шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шунгурбаев.
Кездесу соңында барлық қатысушы шаңғышылар ұйымдастырушылар атынан Алғыс хаттармен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане