Республикалық байқауда жеңімпаз атанды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_43_43-2018-7.jpgЖуырда Май орта мектебінің оқушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық эссе байқауына қатысты.


Әдеби-дарынды оқушыларды анықтау, тақырыпқа сәйкес әдебиет және тіл материалын жасай алатын және шығармашылық жағынан ойлай білетін оқушыларды анықтау мақсатымен ұйымдастырылған «Егер мен Президент болсам» тақырыбындағы байқауда әр эссенің мәтін мазмұны, автордың қырағылығы, сауаттылығы бағаланды. Басқа материалдар мен ғаламтордан алынған мәтіндерді қолдануға тыйым салынды.
Қашықтықтан өткізу конкурсында бақтарын сынаған қатысушылардың бірқатарымен тілдесіп едік, олар небір шығармадағы ойдың оқылған кітап, журналдардан, көрген бейнефильм, бағдарламалардан, қарастырылған мәліметтерден туындайтындықтан, аталмыш эссені жазу барысында да тұңғыш Президентіміз жайлы фильмдерді, кітаптарды саралай келе, жиырма жеті жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды тілге тиек ете отырып, арман-қиялдарына ерік бергендерін айтады. Айталық, мысалы, бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың ізін жалғастырып, елімізді дамыған елдердің қатарына қоспақшы болса, енді бірі ел сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін салмақшы. Байқау болған соң, жүлдегерлердің іріктелуі заңдылық. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне қарағанда, қазылар алқасы Май орта мектебінің 10-сынып оқушысы Яна Флят және 5-сынып оқушысы Екатерина Вагнер республикалық эссе байқауының барлық талаптарына сай келгендіктен, жеңімпаз атанды, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Шәкірт жетістігі – ұстаз мақтанышы. Сондықтан, жүлделі орындарды иеленген қыздардың ұстаздарын атап өткеніміз жөн. Олар – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.Б. Ким және Е.А. Таран. Алдағы уақытта да мектеп ұжымы, білім беру бөлімі есімдері аталған оқушыларды мақтан ете отырып, оларға жаңа табыстар тілейді. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгіден жарық болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де, талантты жастардың қолында.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане