Жетібай бабаның мұрасын көріп келгеннен кейін Қостанай қаласында тарихы үш ғасырлық қобыздың бар екенін естідік. Көп өтпей, байырғы аспап мұрагерлері мен қобыздың өзін көрудің сәті түсті. Жәдігерді сақтап келе жатқан теміржол саласында еңбек ететін Асқар Тойғановпен хабарласып, ғасырлар бойы сандық түбінде жатқан қобызын газет бетіне жариялағымыз келетінен айттық. Асекең де өтінішімізді жерге қалдырмай, қаладағы №10 мектепте оқитын ұлы Аланды ертіп, бізбен жолығуға келді.
Біссімілламызды айтып, көне жәдігерді қолымызға алдық. Айтпақшы, осының алдында бұл аспапты белгілі қобызшы Батырбек Байназаров сөйлетіп көрген екен. Батекең бұл қобыздың киесі бар, тылсым күшке ие екенін айтқан болатын. «Күңірентіп шала бастағаннан-ақ, ішкі дүниеммен қалай кіріп кеткенімді білмей қалдым. Беймәлім тартылысы бар ерекше қобыз» деген еді.
Бұл жолы Тойған бақсының аспабын өзім де ұстағаннан-ақ денем тітіркеніп сала берді. Әлдебір сиқыр қобызды зарлатуға ырық бермеді де, үні шықпай қойды. Бұған дейінгі Жетібай әулиенің қобызын тарқан кезде, керісінше, жеңілдеп қалып едім, мынау зілді болып шықты. Дегенмен аспапты әлі де біраз сөйлету керек, дыбысын шығарған жөн болар деп кішкентай Аланға өзімнің ысқымды тарту еттім.
Қобыз қарағай ағашынан бүтіндей шабылған. Ертеден келе жатқан әрі өте жақсы сақталған аспап екені көрініп тұр. Кегежесінің (мойыны) шанақпен тұтасатын жері және басы жез таспалармен жамалған. Ал басы мен шанағында қоңырау ма, сырдырмақ па, бұрынғы бақсылар қобызына тағылатын салпыншақтың орны бар. Екі құлағы қажала-қажала жұқарып қалғандықтан, оңайлықпен күйге келмейді екен. Ысқысы нашар. Тиегін жұқарту керек, ол кәдімгі фанерадан жасалыпты. Негізінен ол да ағаштан жонылған болу керек. Тиек неғұрлым жұқа болса, аспаптың да үні зорайып шығады. Қобызды бертін қолөнер шебері Мұхамедқали Рахалиев жөндеуден өткізіп, бет терісін қайта қаптапты және маңдай басына «Нұрпейіс (Тойған) атадан қалған қобыз. Мұрагерлерге аманат. ХVІІІ ғ.» деген жазу қадап берген.
Ал енді қобыз иесі Тойған кім, сол жөнінде сөз қозғасақ. Азан шақырып қойған ныспысы Нұрпейіс Жылгелдіұлы жайында дерек жоқтың қасы. Белгілісі, әкесі Жылгелді ХVІІІ ғасырдың басында Қызылорда жерінен қазіргі Таран ауданының аумағына көшіп келген Жаппас ішіндегі Сумұрын ұрпағы. Мына қобызды Жылгелді атамыз сол Сыр елінен Тобыл бойына алып келіпті. Соған қарағанда, аспаптың тарихы үш ғасырдан асып кетеді. Киелі жәдігер ел арасында Тойған емші атанып кеткен Нұрпейіс бақсыға қонса керек. Оны өз заманында ел-жұртты түрлі ауру-сырқаттардан емдеген әрі көріпкелдігімен танымал болған жан деседі. Тылсым күш иесінің бүгінгі ұрпағы Алан Тойғанов бар білгенімен бізбен бөлісіп отыр.
- Тойған бабам өте қасиетті болған. Ол кісінің үш заты болыпты – қобыз, қылыш, қамшы. Осы үшеуімен адам емдеген. Қобыз біздің әулетімізде, қамшы жамағайын туыстарда, ал қылыштың қайда екені белгісіз. Мен осы үш заттың басын қоссам деймін. Үшеуі біріксе өте жақсы болар еді. Тағы бір белгілісі бабам атақты Марал Ишанның батасын алған шәкірті екен. Әр жұма сайын сол кездегі Ордабай қонысы – қазіргі Қостанайға жұма намазына қатысып, Марал Ишанмен иық тірестіріп сапта тұру үшін сонау 130 шақырым жерден жаяу келіп-кетіп жүріпті. Таңертең Шилі ауылынан Қостанайға қарай шығады, ал кешке үйде отырады. Ол кезде бұл жақта мешіт болды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Қалай болғанда да, кемі 250 шақырым жерді бір күнде жаяу айналып келу мүмкін емес, соған қарағанда, Тойған атам жындарға иелік еткен қасиетті адам болып тұр ғой, - деді Алан.
Тойғаннан Қабдолла есімді ұл, одан Ізбасар, Оразбек тарайды. Қобыз болса, немерелерінің үлкені Ізбасарға дарыған екен. Ал Нұрпейіс бақсының қалған екі затының бірі – қылыштың қайда екені белгісіз. Қамшы нағашыларымызда дейді Асқар Тойғанов.
- Нағашыларымыз осы қалада тұрады. Мен ол қамшыны көрдім, бірақ нағашыларым бабамның дүниесін бізге қайтарғысы жоқ. Ал шаңырағымыздағы мына қобыз кімге қонса, соған берер едім. Ал оны музейге тапсыру ойымда жоқ. Әзірге мына ұлым Алан оны үйреніп алуға талпынып жүр. Үнемі өткен тарихымызды сұрап, қызығушылық танытып отырады. Бәлкім атадан қалған мұра осы ұлға қонар деген сенімім бар. Бір ғажабы, қобыз бір буын ұрпақты аттап барып қонатын қасиеті бар. Мәселен, Тойғаннан кейін оны ұлы Қабдолла емес, Ізбасар ұстаған. Ал бұл кие Аланыма қонып жатса, құба-құп болар еді, - дейді Асқар Мұсаұлы.
Тойған емшінің ХVІІІ ғасырда дүниеге келіп, сол дәуірде дүние салғаны белгілі болғанмен, дәл уақыты анықталмаған екен. Қасиет иесінің зираты Таран ауданының Шилі ауылында. Әулиекөл ауданымен шектесетін Шилі елдімекені Кеңес кезінде Знамя Советов деп аталған кеңшардың бөлімшесі болған, қазір орны ғана қалыпты. Ал жастай қалаға кеткен Асқар кейін баба бейітін әрең тапқанын айтады. Айтуынша, Тойған бақсының мазары ертеректе ел-жұрт әжептәуір зиярат ететін орын болып саналыпты.
- Әжем Райханның мына бір әңгімесі есімде. Бір жылдары ауылдың қойлары белгісіз ауруға шалдығып, бауырын көтере алмай жатқанда, үлкендер жағы «малды Тойған атаның басына апарып бір түнетіңдер» депті. Жігіттер қойды қорым басына қайырып қойып, таңертең оянса, жануарлар дертінен айғып, жайылып жүр дейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол жерде жатқан жеті бабама бір белгі тас қойғанбыз. Ендігі ойым – қасиет қонған атамыздың басына түнейтін үй салу, - деген Асекең сөзін аяқтады.
Міне, қасиет бүккен Тобыл-Торғай жерінен қос бірдей киелі аспап табылып, тарихымыз бұған дейін беймәлім болып келген Жетібай, Тойған есімдермен толығып отыр. Бәлкім ел арасында бұл бабаларымыз жайында білетін құймақұлақ қарияларымыз болса, газет арқылы үн қатуын сұраймыз. Ал жалпы, осындай мұраларымыздың ел ішінде әлі қаншамасы жатқаны бір Аллаға аян. Оларды да жарыққа шығару сіз бен біздің тарихи мұраларымызды түгендеуге қосқан зор үлесіміз болар еді, құрметті оқырман.
11.07.2025 07:41
5 июля состоялась XXXVI районная спартакиада - одно из самых значимых спортивных событий года. В этот раз почётную миссию принять...
11.07.2025 07:34
4 июля 2025 года в г. Кокшетау прошёл третий полуфинал республиканского шахматного турнира «Senat Open». Соревнование объединило 136 участников из...
11.07.2025 07:30
В Доме культуры им.Е.Умурзакова 4 июля состоялась торжественное мероприятие, посвященное Дню столицы – Астаны. В концертной программе: музыкальные и танцевальные...
11.07.2025 07:24
2025 жылғы 6 шілде күні Тобыл кентінің Ұлт рухы аллеясында Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты шара өтті.Еліміздің...
10.07.2025 12:00
Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия –...
10.07.2025 09:54
Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.Бұл рухани экспедицияның басты...
10.07.2025 09:39
С целью популяризации занятием спорта, поддержки здорового образа жизни и укрепления семейных ценностей среди сотрудников государственной службы в спортивном зале...
10.07.2025 09:34
4 июля текущего года на сцене районного Дома культуры в рамках торжественного мероприятия, посвящённого Дню столицы Республики Казахстан, состоялось чествование...
10.07.2025 08:56
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в АстанеПрезидент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам...
10.07.2025 08:53
Тишина. Напряжённые взгляды. И только щелчки шахматных часов прерывают звенящую концентрацию… В районе Беимбета Майлина состоялся второй по счёту открытый...
10.07.2025 08:45
В преддверии Дня столицы в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся торжественный концерт «Елімнің жүрегі – Астана». Праздничное мероприятие...
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...