Теміржол саласы – ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан саланың бірі екені айтпаса да түсінікті. Мамандықтың қайсысы болсын, үлкен жауапкершілік пен ынтаны талап етеді.
Әр мамандық елдің, мемлекеттің өркендеуіне, дамуына тікелей үлес қосып, экономиканың тұрақтылығына әсер етеді. Сондай үлкен маңызға ие салалардың бірі – теміржолшы мамандығы. Осы абыройлы мамандықпен жылдар бойы қызмет еткен жерлестеріміз жетерлік. Бұл салада аянбай тер төккен адамдардың еңбегі қай кезде де елеусіз қалмайды. Қызығынан қиындығы басым саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандарға халықтың да алғысы шексіз. Сондай жанның бірі – ел ықыласына бөленген Тобыл станциясы жол дистанциясы басшысының орынбасары – Тажиков Бағлан Касенжанұлы. Бағлан Касенжанұлы отбасылы, жұбайы мен екі баласы бар. Мектеп бітіргеннен кейін әскерге барып, ел алдындағы борышын өтеген. Алматыдан инженерлік жоғарғы оқуын бітіріп, теміржол мамандығын иеленді.
Осылайша күні бүгінге дейін аталмыш жұмыстың қызығы мен қиындығына төзе қарап, 38 жылдан артық теміржол торабында қызмет етіп келеді. Еселі еңбектің өресіне шыққан теміржолшы көп жылғы бейнетінің зейнетін келесі жылы көрмек. Еңбекқорлығымен, тиянақтылығымен көзге түсті. Өз ісінің нағыз маманына айнала білді. Білікті маманның көп жылғы еселі еңбегі елеусіз қалған емес. Елге сыйлы, халқына қадірлі Бағлан Касенжанұлы әрқашан да құрмет төрінен аласармайды, үнемі ұжымдастарына қадірлі азамат біліктілігімен еленіп жүр. Еселі еңбегінің арқасында облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрінің «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.
Шынында да теміржол мамандығының маңызы жоғары. Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты рөл ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқарады. Сол себептен мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасына теміржол саласы ерекше серпін сыйлай білді. Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады. Аталмыш саланың қызметкерлері құрметке лайық десек, қателескеніміз емес. Ел дамуына өз үлесін қосып жүрген теміржол қызметкері Тажиков Бағлан Касенжанұлының шаңырағына шаттық, еліміздің өркендеуіне қосып жатқан еңбегіне табыс тілейміз.
17.04.2025 14:11
«Таза Қазақстан» - бұл Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында...
17.04.2025 14:10
Внести свой вклад в чистоту родного края пожелала молодежь нашего района. 14 апреля педагоги и учащиеся старших классов школ района...
17.04.2025 14:07
Әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан Тобыл кенті соңғы жылдары көптеген өзгерістер болды. 2025 жылға қарай кенттің дамуында тағы да бірқатар маңызды жоспарлар...
17.04.2025 14:06
В рамках программы рабочей поездки в Шымкент Касым-Жомарт Токаев посетил Дворец школьников № 2.Учреждение представляет собой современный центр дополнительного образования....
17.04.2025 14:01
В АО «Варваринское» по традиции к Дню геолога провели конкурс профессионального мастерства. Геологи всегда основательно подходят к делу, не спеша...
17.04.2025 14:00
У каждого уважающего себя издания должен быть характер. Не просто стиль, не слог, не модный шрифт - именно характер. Газета...
17.04.2025 13:58
Сборная «Варваринского» принимает участие в турнире по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященном памяти именитого тренера Сергея Ананича. Им...
17.04.2025 13:56
Прививать у учащихся чувство патриотизма к своей родине, развивать навыки военного дела и спортивной подготовки - вот основные цели, которые...
17.04.2025 13:52
Учитель физической культуры Набережной общеобразовательной школы Аманжол Баянбаев принимал участие в районном конкурсе «Лучший педагог физической культуры». Показав отличные профессиональные...
17.04.2025 13:51
Жедел жәрдем - бұл адамның өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек. Мұндай жағдайларға апаттар, жүрек...
17.04.2025 13:49
Қазіргі таңда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта еліміздің полиция қызметкерлері мектептерде оқушылармен...
17.04.2025 13:44
С таким девизом по жизни живут и развиваются участники районного клуба «Активное долголетие».Сегодня, 15 апреля, они собрались в парке и...
17.04.2025 13:41
С каждым годом все больше и больше реализуется программ, направленных на поддержку и развитие молодых людей.С целью развития потенциала среди...
17.04.2025 13:33
В школах района активно ведется работа по военно–патриотическому воспитанию учащихся. С целью укрепления здоровья обучающихся, совершенствования патриотического воспитания, развития волевых...
17.04.2025 13:32
Вместе мы составили продуманный план действий, который позволит улучшить жизнь каждой семьи в каждом городе, районе и селе – отмечено...
17.04.2025 13:24
15 апреля в здании районного Дома культуры состоялся форум активных женщин района Беимбета Майлина.Организаторами данного мероприятия выступили филиал Палаты предпринимателей...
17.04.2025 08:55
Встречи в рамках государственного социального заказа «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия в районе Беимбета Майлина».15 апреля 2025 года...
10.04.2025 10:09
Уже на протяжении трех месяцев в селе Айет работает клуб, который предлагает посетителям окунуться в удивительный мир компьютерных игр. «У...