Жастар - еліміздің тірегі және болашағы. Біріншіден, жас ұрпақтың басты міндеті - өздері дүниеге келген елдің лайықты азаматтары болу.
Өсу жолына түскен адам әрдайым өзін-өзі анықтау мәселесіне тап болады. Ол өзін және өз жолын табуға тырысады. Осыған сүйене отырып, уақыт өте келе ол қоғамда қандай рөл ойнайтынын түсінеді. Әр адам өз елін жақсартуды және адамдарға көмектесуді өзінің мақсатына айналдыруы керек. Бұл мемлекетті нығайтуға және жақсартуға көмектеседі. Осындай жастардың бірі де бірегейі Тобыл кенті тұрғыны, көпшілікке танымал Орлова Евгения Александровна жас ұрпақты өнерге тәрбиелеуде көп еңбек жасап жүр. 2013 жылы Рудный педагогикалық колледжін хореограф мамандығы бойынша бітіріп келген Евгения Александровна «Думан» Мәдениет үйіне жасөспірім балаларды жинап, оларға би өнерін үйрете бастады. Кейіннен Челябі университетінде жоғарғы оқу орнын хореограф мамандығын алды. Ия, сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Көрерменге айтар ақпаратты би тілімен көрсету үшін өнерпаздың тума дарыны, ерекше табиғи қабілеті болуы шарт. Музыкалық ырғаққа сай дене қимылы мен қозғалыстары арқылы мың бұралған сан түрлі образдарды бейнелеуге болады. Одан бөлек, бұл өнердің денсаулыққа тигізер пайдасы да орасан зор.
Би қою ол оңай шаруа емес. Тіпті бір күнде біте салатын жұмыс та емес. Мұнда алдымен музыканы бойға сіңіру керек. Оны сіңіріу үшін адамда тыңдай білу өнері болуы шарт. Би сөзсіз, тілсіз өнер болғандықтан бишінің тек дене қимылымен, бет-әлпетімен баяндалады. Маманның айтуынша, оны би тілінде жеткізу үшін өнерпаздың ерекше тума дарыны болғаны жөн. Десе де, Евгения Александровна бұл салаға тынымсыз еңбектің нәтижесінде жетуге болатынын айтады. Бастысы, бұл өнермен айналысқан адамның ішкі рухани әлемін жан-жақты ашады, бойындағы ізгілікті қасиеттерін оятады.
Сахнадағы би қойылымының болмысы толық ашылу үшін би мәнері, музыка, әртістік шеберлік және киім бір арнада тоғысуы керек. Осындай еңбегімен биыл 10 жыл тынымсыз еңбегінің арқасында Орлова Е.А. көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қаншама еңбегінің арқысында қазір «Даймондс» би ансамблі Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық би өнерінің жеңімпаз жүлдегері. Евгения Александровна ұжымындағы балалар ата аналары әрқашан қолдап, көмектесіп отырады. Е.А.Орлова облыстық, аудандық әкімдердің, мәдени және білім саласында көптеген мадақтамаларымен марапатталған. Отбасылы, жолдасы теміржолшы, 2 қызы бар.
Түйіндей келе айтарымыз, би өнері жас ұрпақтың бойына рухани мәдениет, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дарытады. Осындай игі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген тұлға Орлова Евгения Александровнаға шығармашылық шабыт, табыс және «Даймондс» би ансамблінің биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз!
17.04.2025 14:11
«Таза Қазақстан» - бұл Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында...
17.04.2025 14:10
Внести свой вклад в чистоту родного края пожелала молодежь нашего района. 14 апреля педагоги и учащиеся старших классов школ района...
17.04.2025 14:07
Әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан Тобыл кенті соңғы жылдары көптеген өзгерістер болды. 2025 жылға қарай кенттің дамуында тағы да бірқатар маңызды жоспарлар...
17.04.2025 14:06
В рамках программы рабочей поездки в Шымкент Касым-Жомарт Токаев посетил Дворец школьников № 2.Учреждение представляет собой современный центр дополнительного образования....
17.04.2025 14:01
В АО «Варваринское» по традиции к Дню геолога провели конкурс профессионального мастерства. Геологи всегда основательно подходят к делу, не спеша...
17.04.2025 14:00
У каждого уважающего себя издания должен быть характер. Не просто стиль, не слог, не модный шрифт - именно характер. Газета...
17.04.2025 13:58
Сборная «Варваринского» принимает участие в турнире по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященном памяти именитого тренера Сергея Ананича. Им...
17.04.2025 13:56
Прививать у учащихся чувство патриотизма к своей родине, развивать навыки военного дела и спортивной подготовки - вот основные цели, которые...
17.04.2025 13:52
Учитель физической культуры Набережной общеобразовательной школы Аманжол Баянбаев принимал участие в районном конкурсе «Лучший педагог физической культуры». Показав отличные профессиональные...
17.04.2025 13:51
Жедел жәрдем - бұл адамның өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек. Мұндай жағдайларға апаттар, жүрек...
17.04.2025 13:49
Қазіргі таңда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта еліміздің полиция қызметкерлері мектептерде оқушылармен...
17.04.2025 13:44
С таким девизом по жизни живут и развиваются участники районного клуба «Активное долголетие».Сегодня, 15 апреля, они собрались в парке и...
17.04.2025 13:41
С каждым годом все больше и больше реализуется программ, направленных на поддержку и развитие молодых людей.С целью развития потенциала среди...
17.04.2025 13:33
В школах района активно ведется работа по военно–патриотическому воспитанию учащихся. С целью укрепления здоровья обучающихся, совершенствования патриотического воспитания, развития волевых...
17.04.2025 13:32
Вместе мы составили продуманный план действий, который позволит улучшить жизнь каждой семьи в каждом городе, районе и селе – отмечено...
17.04.2025 13:24
15 апреля в здании районного Дома культуры состоялся форум активных женщин района Беимбета Майлина.Организаторами данного мероприятия выступили филиал Палаты предпринимателей...
17.04.2025 08:55
Встречи в рамках государственного социального заказа «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия в районе Беимбета Майлина».15 апреля 2025 года...
10.04.2025 10:09
Уже на протяжении трех месяцев в селе Айет работает клуб, который предлагает посетителям окунуться в удивительный мир компьютерных игр. «У...