«Қайран біздің аналар арды ойлаған!..». Ақиық ақын Мұқағалидың бұл сөзі бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің ардағына, өскелең буынның өнегесіне айналған аяулы аналарға қарата айтылса керек. Ұрпақ өсіріп, ұлағатын сіңірген, елге еңбегімен еленген ақ жаулықты жандардың бірі Қанипаш Сәбитқызы еді. Оның Торғай өңірі басылымында қолтаңбасы, жерлестерінің жадында жарқын бейнесі қалды.
Қанипаш Сәбитқызы 1941 жылы қазан айында Торғай кентінде дүниеге келді. Шақшақ Жәнібектің тұңғыш баласы Дәуітбай руынан тарайды. Әкесі Сәбит кезінде соғысқа аттанып, майдан даласынан оралмады. Апамыз туған ағасы Құсайымен бірге анасы Ажардың қолында тәрибие алды. Ажар бел жазбай еңбек етіп жүріп, балаларын жеткізіп, тәрбиелеп, қатарға қосты.
Қанипаш апамыз еңбек жолын аудан орталығындағы бірден-бір баспа «Жаңа өмір» газетінен бастады. Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз Нәзипа Құлжанованың ізін жалғаған аз ғана әйелдің бірі еді. Ол қызметін әріп теруші, корректор болып бастап, жауапты хатшының орынбасарына дейін көтерілді. Алғашқы редактор Назарбек Бектемісов, одан кейін Әмірхан Абдуллин ағаларымен, кезіндегі танымал журналистер – Сағи Әбілхасенұлы, Қарабек Гакашин, Болат Әлденов, Жақсылық Жүнісұлы секілді тұлғалармен бірге жұмыс істеп, аудан баспасөзін дамытуға атсалысты.
Ағасы, бауыры Құсайын да қаражаяу азамат емес еді. Уақытында шахматтан облыс, республика көлемінде дүбірлі жарыстарда топ жарып, есімі елге кеңінен танымал болды. Ұлттық ойын тоғызқұмалақтан да спорт шебері атанды. Әлі күнге жыл сайын ол кісінің атымен туған ауылы Торғай кентінде, облыс орталығы мен қалаларда жарыстар өткізіліп тұрады. Ұлағатты ұстаз, химия пәнінің майталман мұғалімі, КСРО оқу ісінің үздігі. Зейнет жасына дейін аудан орталығындағы мектепте, соңғы уақытта кәсіптік-техникалық училищеде сабақ берген еді.
Ал Қанипаш апай баспасөз саласында ұзақ жыл еңбек етті. Тұрмысқа шыққаннан кейін де қалам мен қазан тұтқасын қатар ұстап жүрді. Ол 1959 жылы Шұбалаң ауылына Мерген руының Беркімбай баласы Сапабековтер әулетіне келін болып түсті. Сәлімжан ағамызбен көңіл жарастырып, сөз байласып, Торғайдағы өсіп-өнген әулеттің босағасын аттады. Ал іргелі әулетке келін болып, ошақ отын үрлеп, түтінін түтету, кейінгілерге үлгі көрсетіп, ұл-қызға ұлағатты тәрбие беру де аса зор міндет. Әйтсе де отбасының да, қоғамның да алдындағы жауапкершілікті апамыз мүлтіксіз орындады. Жары Сәлімжанмен бірге аудан орталығында тату-тәтті ғұмыр кешті. Отағасы аудандық Тұрмыс қажетін өтеу комбинатында есепші, бас есепші, кейіннен кәсіпорынның директоры болып, 15-16 жыл қызмет атқарды. Сол уақытта Қанипаш апамыз жергілікті басылымда, яғни газет редакциясында жұмыс істеді.
1976 жылы ақпан айында Сәлімжан ағамыз туған ауылы Шұбалаң бөлімшесін басқаруға жіберіліп, қызмет тізгінін 15 жылға жуық уақыт ұстады. Осы кезде де Қанипаш апа баспасөзден алыстамай, жергілікті почта бөлімшесінде жұмыс істеді. Шалғайдағы малшы-шопандар мен ауыл тұрғындарына газет-журнал, келген хат-хабарларды уақытылы жеткізіп, көпшіліктің ақ алғысына бөленді. 90-жылдардың аяғында балаларымен Қостанай төңірегіне, нақтысында, қазіргі Бейімбет Майлин атындағы ауданға қоныс аударды. Бұл кезде Қанипаш апа зейнет жасында-тын. Немере-шөбере сүйіп, қызық-қуанышына бөленіп, бақытты ғұмыр кешті. Ардақты жан өткен жылдың желтоқсан айында ақтық сапарына аттанды. Балалары шөпшектің қолынан су ішкенін тілейтін, бірақ ондай ғанибет ақбұрым ананың маңдайына жазылмапты...
Қанипаш апаның кейінгілерге үлгі-өнеге боларлық қасиеттері көп еді. Балаларының айтуынша, ақ жаулықты ана ұлтымыздың салт-дәстүрін берік ұстанып өткен екен. Мәселен, қазақтың ат тергеу ырымын ұмыт қалдырмай, қайнылары мен қайын сіңлілерін Төрем, Мырзажігіт, Тентек, Сарша, Еркебала деп атапты. Есігінен қонақ, дастарханынан дәмі арылмайтын меймандос, көңілі кең, мінезге бай кісі болды десіп отырады көзкөргендер. Әдеби кітаптарды көп оқитын көзі ашық, тыңдаған жанды аузына қарататын керемет әңгімешіл, батагөй қарияны айналасындағылар сөзінде өнеге, көзінде мейірім тұнып тұратын қастерлі жан деп танитын.
«Анамнен үйренгенім, алған тәрбием ұшан-теңіз. Әсіресе, үлкендерді сыйлау, кішілерге ізет көрсету, үйге келген қонақты қалай күтіп алу керегін бойыма терең сіңіргендеймін», – дейді қыздардың кішісі Ақзада.
Қанипаш ана өмірінің соңына дейін балаларына, немерелеріне еліне адал болып, қалытқысыз қызмет етіп, қазақы тәлім-тәрбиені кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етті. Бірлікке, тату-тәтті тірлікке үндеумен, өзін бақытты анаға балаумен өтті.
Кеңес одағы кезінде «Батыр ана» атанып, ел тәуелсіздік алғаннан кейін «Алтын алқа» иегері болды. Тамыры тереңге тартқан әулеттің ардақты анасы осындай еді...
06.03.2025 12:08
Хоккей турнирі жергілікті тұрғындар мен хоккей әуесқойлары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жарыстың басты мақсаты – спортты дамыту, салауатты өмір салтын...
06.03.2025 12:07
Теміржол – жоғары жауапкершілікті, ұқыптылық пен кәсіби шеберлікті талап ететін сала. Осы саланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген жандардың...
06.03.2025 12:05
Она – учитель! Она – тот человек, который является светилом, вселяющим в души своих учеников и своих воспитанников вдохновение, стремление...
06.03.2025 12:04
Пробирно-аналитическая лаборатория АО «Варваринское» – место, где за формулами, реактивами и сложными анализами скрывается кропотливый труд почти сотни работников. Здесь,...
06.03.2025 12:01
В преддверии Международного Женского дня 8 марта мы говорим о них, о женщинах, занятых в разных сферах деятельностях. Где бы...
06.03.2025 12:00
Приближается самый теплый весенний праздник. Праздник наших дорогих женщин: бабушек, мам, сестер, дочерей и коллег по работе.Пожалуй, это праздник, когда...
06.03.2025 11:59
Демалыс орталықтары – адамдардың тынығуы, денсаулығын жақсартуы және уақытын қызықты өткізуі үшін арналған орындар. Осындай орталықтардың маңызды тұлғаларының бірі Красносельское...
06.03.2025 11:57
Глава государства подписал Закон Республики Казахстан «Об особом статусе города Туркестана»Законом закреплен особый статус города Туркестана как духовного, историко-культурного, туристического...
06.03.2025 11:55
«Масленица пришла, блинов принесла» под таким названием в стенах историко – краеведческого музея прошла познавательно-развлекательная программа для учащихся 3 класса...
06.03.2025 11:54
Qazaqstan Construction Holding ЖШС ұйымдастыруымен жүзеге асырылған байқау ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Светқали Нұржанның «ХАН КЕГІ» дастанын жаттау...
06.03.2025 11:46
1 марта отмечается День гражданской обороны. С целью повышения профессиональных знаний и практических навыков в вопросах военного дела, патриотического воспитания...
06.03.2025 11:45
В этом году 1 марта исполнилось 30 лет со дня основания Ассамблеи народа Казахстана. В этот же день вся страна...
06.03.2025 11:44
В календаре праздничных дат 1 марта отмечен как День благодарности, и в этом году отмечается еще юбилейная дата: 30-летие Ассамблеи...
06.03.2025 07:22
«Қайран біздің аналар арды ойлаған!..». Ақиық ақын Мұқағалидың бұл сөзі бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің ардағына, өскелең буынның өнегесіне...
28.02.2025 08:15
Больше пятнадцати лет судьба Дома культуры в селе Майское была в подвешенном состоянии. Не пощадило здание время, а юридические и документационные...
27.02.2025 13:02
В Майской модельной библиотеке прошел вечер-элегия «Песни Абая на струнах души», приуроченный к 180-летию со дня рождения великого казахского поэта...
27.02.2025 13:01
По указу Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, 2025 год объявлен годом рабочих профессий. Этот важный шаг направлен на повышение статуса...
27.02.2025 09:12
Тобыл кентінде тұратын әзербайжан қызы Исмаилова Севил Эйваз кызы – өз қатарластары арасында үлгілі оқушы, әрі дарынды спортшы ретінде танымал.Ол...