Наурыз мейрамы – тек көктемнің келуін ғана емес, халықтар арасындағы достық пен бірлікті бейнелейтін ерекше мереке.
Бұл күнді Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері бірге атап өтеді, өйткені Наурыз – татулықтың, жаңарудың және мейірімділіктің символы. Наурыз – ортақ мереке. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, онда қазақтармен қатар орыстар, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер және басқа да көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Осы халықтардың барлығы Наурыз мейрамын бірге тойлап, бір-бірін құттықтап, қонаққа шақырады. Бұл күндері ұлттар арасындағы айырмашылықтар жойылып, ортақ мерекенің қуанышын бірге тойлайды.
Тобыл тұрғыны, бірнеше жыл Тобыл рабкопының төрағасы, одан Тобылдағы көтерме базаның директоры, қазір зейнеткер Пискун Валентина Николаевнамен Наурыз мейрамы қарсаңында жолықтық. Валентина Николаевна 1941 жылы туған, ұлы Пискун Владимир Юрьевич 1963жылы туған бірге тұрады. Владимир Юрьевич Тобыл теміржолы локомотив депосында тепловоз машинисі болып еңбек етіп, қазір зейнеткерлікке шыққан. Валентина Николаевна балалары Германияда тұрады немерелері әжесіне жыл сайын қыдырып келіп тұрады.
- Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен ерекшеленеді. Наурыз мейрамында әр үйде кең дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады. Бұл күні адамдар тек өз жақындарын ғана емес, көршілерін, достарын, әріптестерін де қонаққа шақырады. Бір-біріне амандық тілеп, алғыс айтып, сыйлықтар ұсынады. Бұл – достықты нығайтудың, өзара түсіністік пен құрметтің белгісі.- дейді Тобыл жерінде туып өскен, еңбек еткен Валентина Николаевна. – Қазақ көршілерімізбен жақсы араласамыз. Майра әже, Қайсар мен Гүлден Айтмаганбетовтер, Токабаев бірге дастархан жайып, мерекені тойлаймыз. Наурыз тек қазақ халқына ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейді: бейбітшілік, мейірімділік, қайырымдылық. Бұл күні адамдар өкпе-ренішін ұмытып, кешірім жасап, татулыққа ұмтылады. Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеуі – халықтар достығының жарқын көрінісі.
Наурыз – халықтарды жақындастыратын, адамдарды мейірімділікке, ынтымаққа үндейтін мереке. Ол ғасырлар бойы ұлттар арасындағы достықтың символына айналып келеді. Осы көктемгі мереке әр адамға бақыт, береке әкелсін!
28.03.2025 14:08
Наурыз мейрамы – тек көктемнің келуін ғана емес, халықтар арасындағы достық пен бірлікті бейнелейтін ерекше мереке.Бұл күнді Қазақстанда тұратын барлық...
28.03.2025 14:07
Поздравляем с весенним праздником Наурыз мейрамы!Пусть Наурыз принесет в каждый дом мир, спокойствие и процветание –такие поздравления прозвучали от белорусского...
28.03.2025 14:06
Максут Наурыз особенный праздник, в дни празднования которого она отмечает свой день рождения.По национальности она украинка, ее супруг Сергей –...
28.03.2025 14:04
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында Тобыл кентінде ерекше шара ұйымдастырылып, мерекелік шеру өтті.Бұл мейрам халықтың дәстүрі мен мәдениетін қайта...
28.03.2025 13:27
Поддержка творческой инициативы педагогов физической культуры, содействие профессиональному росту, повышение престижа педагогического труда, совершенствование научно-методического обеспечения образовательно-воспитательного процесса – основные...
28.03.2025 13:26
Тобыл №2 жалпы білім беретін мектебінде дүниежүзілік экологиялық қозғалыс аясында «Жер сағаты» акциясы ұйымдастырылды.Бұл шараның мақсаты – әлемдегі экологиялық жағдайды...
28.03.2025 13:25
На базе Набережной общеобразовательной школы 18 марта 2025 года состоялся районный чемпионат по настольному теннису. В нем приняли участие учащиеся...
28.03.2025 12:49
Насыщенная программа с народными гуляньями, песнями, музыкальными номерами и вкусными угощениями прошла в сельских округах района. 21 марта своих жителей...
28.03.2025 12:47
Көктемнің мерекесі Наурыз мейрамы күн мен түн теңесіп, жаңару мен ынтымақтың жаршысы.Бұл жыл сайын өтетін мереке, әсіресе ауылдарда ерекше әсерлі...
28.03.2025 12:46
Наурыз мейрамы Новоильиновка ауылында ерекше сән-салтанатпен атап өтті.Бұл мейрам – қазақ халқының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан, жаңа жылдың, көктемнің...
28.03.2025 12:44
Наурыз мейрамы - это праздник весны и обновления, символизирующий начало нового года по восточному календарю. Он олицетворяет единство, благополучие и...
28.03.2025 12:43
В канун Наурыз мейрамы в селе Айет состоялся кулинарный конкурс «Бауырсақ TIME», который превратился в яркое событие, объединившее ценителей национальной...
28.03.2025 12:42
Глава государства принял заведующего Отделом международных связей Центрального комитета Коммунистической партии Китая Лю Цзяньчао. В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев...
28.03.2025 12:38
26 марта в селе Әйет прошёл 2 этап областного турнира по шахматам среди детей и взрослых. Более 140 участников собрались...
28.03.2025 12:34
Тобыл кентінде Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті.Бұл көктемнің алғашқы күнін қарсы алу, табиғаттың жаңаруы мен адамдардың бірлігін, ынтымағын дәріптейтін Ұлыстың...
28.03.2025 12:32
22 марта центральная площадь села Айет превратилась в настоящий центр народных гуляний - здесь с размахом отметили главный весенний праздник...
20.03.2025 10:10
Наурыз көже – қазақ халқының ең басты ұлттық тағамдарының бірі. Ол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде дайындалып, халыққа берекенің,...
20.03.2025 10:10
В канун празднования весеннего праздника Наурыз в областном центре уже шестой год подряд проходит Международный фестиваль хореографического искусства «Наурыз достарын...