Мектеп кітапханасы – оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытатын маңызды орталық.
Ол – мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ақпаратпен қамтамасыз ететін, рухани және мәдени құндылықтарды насихаттайтын орда. Мектеп кітапханасының басты мақсаты – оқушыларға сапалы білім алуға, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасау. Сонымен қатар, кітапхана оқушыларды өздігінен білім алуға үйретіп, кітаппен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырады.
Кітапхана қоры көркем әдебиет, танымдық, ғылыми-көпшілік және оқу-әдістемелік кітаптармен толықтырылып отырады. Қазіргі таңда көптеген мектеп кітапханалары электронды ресурстармен де жабдықталған. Бұл оқушылар мен мұғалімдерге заманауи ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана қызметкерлері оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады әдеби кештер, кездесу, кітап көрмелері, эссе байқаулары және оқу марафондары. Мұндай шаралар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтеді.
Кітапханашы – оқырман мен кітап арасындағы дәнекер. Ол оқушының жас ерекшелігіне сай әдебиеттерді ұсына отырып, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Осындай кітапханашының бірі Сарсенова Карлыгаш Зарухановна- Тобыл жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың ақпараттық сауаттылықты арттыру бағытында да жұмыс атқарады. Мектеп кітапханасы – тек кітап сақталатын орын ғана емес, ол – білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды құрал. Кітапхана жұмысы неғұрлым тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым оқушылардың сапалы білім алуға деген мүмкіндігі артады. Ол тек білім беріп қана қоймай, баланың тұлға болып қалыптасуына, өз қабілетін танып, өмірлік мақсаттарын айқындауына зор әсер етеді. Тобыл жалпы білім беретін мектебінің тыныс-тіршілігі күннен-күнге жаңарып, дамып келеді. Мұнда тек сабақ өтіп қана қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін түрлі үйірмелер мен қосымша шаралар ұйымдастырылады. Ән-би, спорт, көркем еңбек, қолөнер, дебат клубы – барлығы да балалардың қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдауға бағытталған. Сондай-ақ, мектеп өміріндегі маңызды оқиғалар – мемлекеттік мерекелер кең көлемде аталып өтеді. Бұл шаралар оқушылардың отансүйгіштік қасиетін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негіз болады.
- Мектеп кітапханасы заман талабына сай жаңа жиһаздармен жабдықталып, оқушылар үшін жайлы әрі тартымды оқу кеңістігіне айналды. Жаңартылған кітапханада оқушылардың тыныш әрі ыңғайлы жағдайда кітап оқуы, ізденуі және шығармашылықпен айналысуына барлық мүмкіндік жасалған. Кітапханаға жаңа сөрелер, үстелдер, жайлы орындықтар орнатылып, кітап қоры да толықтырылды. Сонымен қатар, оқушыларға арналған оқу бұрыштары мен демалыс аймақтары жасақталды. Мектеп кітапханасы - білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Бұл өзгеріс оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, оқу мәдениетін нығайта түсуде. Мектеп кітапханасы көшпелі кітапхана бағдарламасы аясында Приозерный ауылдағы бастауыш білім беретін мектебіне барды. Іс-шараның мақсаты – ауыл мектептері арасындағы ынтымақтастықты арттыру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру болды. Оқушыларға арналған түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптарды таныстырып, шағын кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар арасында қызықты викториналар, әдеби сұхбаттар өткізілді. Мектеп кітапханалары арасында кітап алмасу келісімі жасалып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейту бағытында бірлескен жұмыстар жалғасатын болды.- дейді Тобыл жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Карлыгаш Зарухановна.
22.05.2025 13:19
Көктемгі дайындық– механизатор еңбегі- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл –...
22.05.2025 13:03
Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол...
22.05.2025 13:02
18 мая в календаре праздничных дат, исторических событий и дат отмечен как международный день музеев. Уже не первый год реализуется...
22.05.2025 13:00
С самого рождения наши мамы были нашими лучшими друзьями. Они всегда нас поддерживали и успокаивали в трудные моменты жизни. Материнскую...
22.05.2025 12:59
21 мая отмечают праздник люди, чья профессия наполняет жизнь страны и людей эмоциями, смыслами и красотой. День работников культуры и...
22.05.2025 10:25
Наш район всегда славится доблестными спортсменами. Все больше детей вовлечены в активный образ жизни, занятия спортом и ведение здорового образа...
22.05.2025 10:24
Для развития потенциала среди молодежи и обмена опытом проводятся творческие конкурсы и мероприятия. В начале мая в областном центре состоялся...
22.05.2025 10:23
Мектеп кітапханасы – оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытатын маңызды орталық.Ол – мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ақпаратпен қамтамасыз ететін,...
22.05.2025 10:21
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «Самрук-Қазына» Нурлана ЖакуповаГлава государства был проинформирован о том, что за 2024 год чистая...
22.05.2025 10:19
В конце прошлой рабочей недели и на этой неделе отчетные встречи акима района Кайсара Батырхановича прошли в селах Апановка, Новоильиновка,...
22.05.2025 10:18
2025 жылдың 19 мамырында халықпен кездесу аясында Бейімбет Майлин аудан әкімі Муржакупов Қ. Б. Тобыл кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесу «сұрақ-жауап»...
22.05.2025 10:17
В понедельник студенты Лисаковского технического колледжа, волонтеры молодежного ресурсного центра района Беимбета Майлина и сотрудники АО «Варваринское» провели экологическую акцию...
15.05.2025 09:36
С целью развития творческого потенциала молодежи, популяризации хореографического искусства, обмена опытом между танцевальными коллективами в областном центре в городе Костанай...
15.05.2025 09:22
12-13 мая в городе Костанай состоялись соревнования по волейболу в рамках областной Спартакиады среди административных и политических государственных служащих Костанайской...
15.05.2025 09:21
Мы продолжаем цикл статей об уроженцах нашего района, которые своим трудом внесли вклад в развитие разных отраслей и сферы деятельности....
15.05.2025 09:20
2025 жылдың 9 мамыр күні Тобыл кентінің орталық алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шара барысында Тобыл кентіндегі...
15.05.2025 09:18
Тобыл кентінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті.Бұл іс-шарада Қазақстанның Қарулы Күштерінің 33 жылдығы мен ел...
15.05.2025 09:17
90-летний юбилей жителя села Красносельское Залиева Кандыбая совпал с празднованием Дня Великой Победы. Ранним утром 10 мая поздравить юбиляра приехали...