Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың жан-сезімі мен өмір салтын, асқақ рухын жеткізеді. Домбыра – тек музыкалық аспап қана емес, ұлттың рухани болмысының айнасы. Екі ішектен төгілген күй мен әнде тарих та, тағдыр да, махаббат та, мұң да бар. Домбыра тарту – өнер ғана емес, жүрекпен сырласу, халықпен үн қосу.
Домбырашы – сол киелі аспапқа жан бітіретін өнер иесі. Домбырашының қолынан шыққан күй тыңдаушыны ерекше бір әлемге жетелейді. Күй – тілсіз шежіре, ал оны жеткізетін домбырашы – сол шежіренің шебер шежірешісі. Әр күйдің өз аңызы, өз тарихы бар. Оны жеткізу үшін тек шеберлік емес, терең түсінік, жүректен шыққан сезім қажет. Қазақтың Құрманғазы, Дина, Тәттімбет сынды ұлы күйшілері ел тарихында өшпестей із қалдырды. Бүгінде сол жолды жалғап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жас домбырашылардың қатары артып келеді. Олар мектептерде, өнер ордаларында тәлім алып, түрлі байқауларда қазақ өнерінің мәртебесін көтеруде. Домбыра күні – осы киелі аспап пен оны насихаттаушы өнерпаздарға арналған үлкен құрметтің белгісі. Бұл күн – ұлттың рухын оятатын, өнердің мәңгілігін еске салатын ерекше күн. Қазақ барда домбыра да, домбырашы да жасай бермек. Себебі бұл қос ұғым – қазақтың жанымен егіз, мәңгілікпен үндес. Осы ұлттық өнеріміздің алтын арқауы саналатын домбыраны дәріптеп жүрген жас дарындардың бірі – Әйет ауылы Өнер мектебінің шәкірті Бахытжанов Темірлан. Темірлан – өнер мектебінің домбыра сыныбында 8 жыл білім алып келе жатқан үлгілі оқушылардың бірі. Оның күйге, домбыраның үніне деген ерекше қызығушылығы мен ынтасы кішкентай кезінен байқалған. Қолына домбыра алғалы бері халық күйлерін, белгілі композиторлардың шығармаларын еркін орындай алатын деңгейге жеткен. Ұстазы Балтабаев Айбек Базарбайұлының айтуынша , Темірлан өте зерек, тыңдағанын тез қағып алатын, домбыраға шын ықыласпен берілген оқушы. Ол мектепішілік, аудандық іс-шараларға белсене қатысып, өнерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Өз талантымен дараланған Темірлан «Kostanay music games» республикалық домбырашылар сайысының 2023 жылы 1 дәрежелі лауреаты, 2024 жылы 2 дәрежелі лауреаты, «Almaty music games» республикалық сайысының 1 дәрежелі лауреаты, Петропавл қаласында өткен «Алтын күз 2022» республикалық конкурсының Гран при және 1 орын иегері. Талантты жас домбырашы Даулеткерей мен Құрманғазының күйлерін шеберлікпен тартады.
Темірлан сияқты жас таланттар - ұлттық рух пен мәдениеттің тірегіне айналып келеді. Оның арманы – болашақта кәсіби күйші болып, қазақтың дәстүрлі музыкасын кеңінен насихаттау. Ұлттық мұраға адал болу – оның өмірлік ұстанымы.
Өнер мектебі ұжымының, ұстазының және ата-анасының үмітін ақтап жүрген Темірланға шығармашылық табыс тілейміз! Әр күмбірлеген күйің – ел мерейі болсын, жас домбырашы!
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...