Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -
Тобыл тұрғыны, зейнеткер,
теміржол саласына
еңбегі сіңген
құрметті теміржолшы,
Б.Майлин ауданының
құрметті азаматы.
Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын шынайы дерек пен айғақтың маңызы арта түседі. Солардың бірі – аудандық газет «Әйет шамшырағы». Бұл басылым – тек ақпарат құралы ғана емес, елдің тыныс-тіршілігін қағаз бетінде қаттап отырған тарихтың тірі куәсі десек, артық айтқандық емес. Әр саны – бір дәуірдің шежіресі. Газет бетінде жарық көрген мақалалар мен суреттер, репортаждар мен сұхбаттар – болашақ ұрпақ үшін құнды жәдігер. Кеше ғана ауданымызда болған мәдени шаралар, еңбек ерлері туралы жазбалар, ауылдың өзгерген келбеті – бәрі осы газет бетінде сақтаулы. Бүгін біз газетті оқимыз, ал ертеңгі күннің зерттеушісі осы беттерден өткен өмірдің ізін табады. Осы жағынан алғанда, аудандық газет – тарих қойнауына айналар күндердің нақты айнасы, ел жадында қалатын мұра. Ауыл тұрғыны ретінде газет арқылы туған өлкемнің тынысын біліп, еліме деген мақтанышым арта түседі. Қаламы жүйрік журналистерге алғысым шексіз! Тарихты жасап жатқан сіздердің еңбектеріңіз бағалауға тұрарлық. Әр дәуірдің, әр қоғамның өзіндік тарихы, өмір ырғағы бар. Сол өмірдің дәл шежіресін жазып, елмен бөлісіп отыратын абыройлы мамандық иесі - журналист. Олар оқиғаны көзбен көріп қана қоймай, оны жүрекпен сезініп, шынайы қалпында қағазға түсіретін жандар. Сол себепті журналистерді бекерге замана шежірешісі деп айтпаймыз.
Аудандық газет журналистері - ауылдың жүрегін соқтырып отырған тұлғалар. Олар жаңалық іздеп, әр мекемеге, әр ауылға барып, қарапайым еңбек адамынан бастап, қоғам белсенділеріне дейін сөз беріп, ел өмірін жазып жүр. Әр мақала - өмірдің бір көрінісі, бір суреті. Журналистердің арқасында біз ауылымыздағы жақсы жаңалықтарды біліп отырамыз, танымал тұлғалармен сұхбат оқимыз, тарихты түгендеп, рухани дүниемізді байытамыз. Қоғамдағы түйткілді мәселелер де осы қалам иелері арқылы көтеріліп, шешімін табуда. Мен аудандық газетте мақала жазып жүрген журналистердің адал еңбегін жоғары бағалаймын. Олар – бүгінгі күннің шын жанашырлары, халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген нағыз еңбек майталмандары. Сан жылдар бойы сіздердің қаламдарыңыздан туған мақалалар ауыл тіршілігін жандандырып, халықпен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Әрбір саныңызда ел ішіндегі жақсы жаңалықтар, еңбек адамдарын насихаттау, ауылдың тыныс-тіршілігі көрініс тауып отырады. Бұл - сіздердің тиянақты еңбектеріңіздің, шынайы жанашырлықтарыңыздың жемісі. Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын, елге қызмет етуден талмай, әрбір жазғандарыңыз оқырманның жүрегінен орын алсын!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен және шығармашылық жолдарыңыздағы табысты қадамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Газет - біздің рухани серігіміз, шежіреміз, айнамыз. Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, оқырмандарыңыз көбейе берсін! Қаламдарыңыз мұқалмасын, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңіз бағалансын!
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...