Әр елдің тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде шекарашылардың еңбегі айрықша. 18 тамыз – Шекарашылар күні қарсаңында біз Тобыл теміржол шекара қызметкерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтеміз.
Тобыл теміржол шекара бекетінде қызмет атқаратын мамандар – еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетіп, теміржол арқылы өтетін жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өз ісінің нағыз шеберлері. Олар тәуліктің кез келген уақытында, ауа райына қарамастан, шекара тәртібін қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алады. Қызмет барысында шекарашылар тек бақылау жүргізіп қана қоймай, халықаралық талаптарға сай құжаттарды тексеру, жүктерді арнайы жабдықтар арқылы сканерлеу, тыйым салынған заттарды анықтау сияқты жауапты міндеттерді орындайды. Әр қызметкердің бойында жоғары қырағылық, тәртіп пен Отанға адалдық сезімі қалыптасқан. Тобол (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы капитан Манапов Ерболат Ардақұлы айтуынша, бүгінде шекарашылар еліміздің аумақтық тұтастығын сақтауда, мемлекеттік шекараны күзетуде айрықша рөл атқарады. Қызметтің негізгі міндеті – шекара бойында заңдылықты қамтамасыз ету, заңсыз көші-қон, контрабанда мен басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу.
– Біздің басты мақсатымыз – мемлекет қауіпсіздігін қорғау. Бұл жолда әрбір шекарашы кәсіби шеберлігін арттырып отыруы тиіс, «Тобыл» (теміржол) өткізу пунктінде шекаралық бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады. Күн сайын шекаралық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі шекаралық нарядтарды ауыстыру өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге бұйрықты орындай отырып қызметке кіріседі. Шекаралық бақылау шетелдік жолаушылар, жүк поездарын паспорттық бақылауды және тексеруді жүзеге асыру үшін қызметтік иттер мен техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Шекара қызметінде адал қызмет атқарып жүрген азаматтардың ішінде нағыз кәсіби мамандар ең тәжірибелі кызметші үшінші сынып сержант Мукушев Бахитхан Аулиаханұлы еңбек өтілі 18 жыл, қатардағы Уразбаев Амангельды Серикпайұлы 7 жыл тек өз міндетін мінсіз орындауда. – деді Ерболат Ардақұлы.
Ел шебін күзетіп, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген шекара қызметінің сарбаздары тек қызмет бабында ғана емес, спорт алаңында да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Тәртіп, төзімділік пен жылдамдықты талап ететін олардың күнделікті жұмысы спорттық жетістіктеріне де тікелей әсерін тигізуде. Тобыл теміржол шекара бөлімшесінің қызметкерлері жеңіл атлетика, футбол спорт түрлерінен топ жарған лейтенант А. Қ. Қуатбек жүгіруден секіру бойынша 1 орын, лейтенант Үмітқали Б. Тобыл кентінің құрама командасының құрамында футболдан 1орын, қатардағы жауынгер А. Б. Қарабеков 100 м жүгіру бойынша 2 орын, қатардағы жауынгер Ілиясов Р. М. -3км жүгіру бойынша 2 орын иеленіп, аудандық, облыстық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Тобыл теміржол шекара қызметі – бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісі. Ұжымдағы тәжірибелі мамандар жас буынға бағыт-бағдар беріп, кәсіби машықтарын жетілдіруге көмектеседі. Олардың басты мақсаты – мемлекеттік шекарамыздың мызғымас беріктігін сақтау. Шекарашылар күні – тек кәсіби мереке ғана емес, Отан алдындағы адал қызметтің, батылдық пен ерліктің мерекесі. Осы мерейлі күні Тобыл теміржол шекара қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, отбастарына амандық, еңбектеріне сәттілік, қызметтеріне береке тілейміз!
24.11.2026 12:51
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев выступил инициатором масштабных конституционных преобразований, направленных на модернизацию государственных институтов, укрепление законности и защиту прав...
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...