Әр жылы тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке – салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың жетістігін дәріптейтін маңызды күн. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ол адамның ерік-жігерін шыңдайтын, табандылық пен тәртіпке баулитын өмір мектебі. Бүгінгі таңда елімізде түрлі спорт түрлері қарқынды дамып, әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген спорт саңлақтары баршылық.
Тобыл кентінде спорттың дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтардың бірі – дзюдо күресінен бапкер Бекнұр Ниетқалиұлы. Ол өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретіп, шәкірттерін биік жетістіктерге жетелеуде. Бейімбет Майлин ауданы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» дзюдо күресінен шәкірттері Куантай Нұрайлым, Исмухамбетова Аида, Байғабыл Айдын Аюбекұлы, Жұмаділ Арлан Арманұлы, Бровко Яна, Болтушенко Михаил, Бірмағанбетова Айару, Донец Ярослав Александрович, Ергалиева Нурайм Армановна, Исмаилова Севил, Кодзоев Зелимхан, Конопкина Ангелина, Орымбасар Ислам, Ризен Кирилл, Тулебаев Ренат, Анкей Ернур, Анкей Мади, Айткулова Диана спортты өмірінің бір бөлігіне айналдырған, табанды әрі мақсаткер жасөспірімдер. Олар күнделікті жаттығуларды қалт жібермей, әр жарысқа тыңғылықты дайындалады. Әрбір жаттығу – олардың шыдамдылығын арттырып, шеберлігін шыңдайды.
Спорттағы үлкен жетістіктер қажырлы еңбектің, тәртіп пен табандылықтың жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Тобыл кентінде дзюдо күресімен айналысып жүрген бірқатар жас спортшылар спорт шеберіне үміткер атанып отыр. Бұл мәртебе – олардың жылдар бойғы еңбегі мен талпынысының нәтижесі және бапкердің тынымсыз еңбегі мен спортқа деген адалдығының айқын дәлелі.
Олар республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, тәжірибе жинақтап келеді. Әрбір жеңіс – тек жеке жетістік қана емес, ол туған жердің, ұстаздың және бүкіл команданың абыройын асқақтатады. Спорт шеберіне үміткерлер – болашақта Қазақстанның, тіпті әлемнің төрінде көк байрағымызды желбірететін үмітті жастар. Олардың табыстары жас буынды спортқа тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.
Спорт күні – тек кәсіби спортшылардың мерекесі емес, ол – әрбір денсаулығына бейжай қарамайтын, белсенді өмір салтын ұстанатын жанның мейрамы. Мұндай мерекелер ұлт саулығын нығайтып қана қоймай, жас ұрпақты спортқа баулудың тамаша үлгісі бола алады.
Құрметті спортшылар! Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас жігер, қажымас қайрат тілейміз. Әрбір жарыс жолында жеңіс тұғырынан көрініп, туған жердің абыройын асқақтата беріңіздер. Жаттығуларыңыз жемісті болып, еңбектеріңіз тек жеңіспен өрленсін. Қазақстанның көк байрағын әлем ареналарында биікте желбірете беріңіздер!
24.11.2026 12:51
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев выступил инициатором масштабных конституционных преобразований, направленных на модернизацию государственных институтов, укрепление законности и защиту прав...
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...