Біздің еліміздің басты байлығы – татулық пен бірлік. Қазақстанда түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен өзара сыйластықта өмір сүріп келеді. Осындай тату-тәтті, көпұлтты отбасылардың бірі – Тобыл кентінде тұратын Жалгасовтар әулеті.
Жалгасовтар отбасы 2004 жылы құрылған. Сол жылы шаңырақтарында тұңғыш перзент – Жалгасов Рустам Алматұлы дүниеге келді. Қазіргі таңда ол 21 жаста. Рустам Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін «бағдарламашы» мамандығы бойынша тәмамдап, қазіргі уақытта Челябинск қаласында тұрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке ісін жүргізіп келеді. 2008 жылы екінші ұлдары Арыстан дүниеге келді. Ол бүгінде 11-сынып оқушысы, сабаққа ынталы, үлгілі оқушы. Шахматтан түрлі олимпиадалар мен турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2024 жылы Астана қаласында өткен республикалық информатика олимпиадасында үшінші орын иеленіп, отбасының және мектебінің мерейін үстем етті. 2012 жылы отбасында сүйкімді қыздары Аделина дүниеге келді. Ол 7-сыныпта оқиды. 1-сыныптан 6-сыныпқа дейін дзюдо спортымен айналысып, жарыстарда жүлделі орындар алған. 2021 жылы Жалгасовтар әулеті тағы бір сәбимен толықты – кішкентай Агата дүниеге келді. Қазір ол балабақшаның кіші тобына барады, отбасындағы бәрінің еркесіне айналған.
Отағасы Жалгасов Алмат Ерболұлы – техникалық және жоғары білім иесі. 2006 жылы Рудный политехникалық колледжін, 2013 жылы Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетін бітірген. 2004 жылдан бастап әртүрлі салада еңбек еткен: слесарь, қауіпсіздік техникасы инженері, технолог-инженер, сапа инженері, тепловоз машинисінің көмекшісі қызметтерін атқарған. Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде «Жалгасов ЖК» автотұрақ пен такси диспетчерлік қызметін ұйымдастырып отыр. «Жалгасов ЖК» тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда көліктердің қауіпсіздігі басты назарда. Жалгасов Алмат Ерболұлы – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары азамат. Ол тек өз кәсібін дамыту ғана емес, туған жерінде қызмет сапасын арттыруды мақсат етеді. Бүгінде «Жалгасов ЖК» Тобыл кенті тұрғындарының сеніміне ие болып, халыққа ыңғайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетіп келеді. Жұбайы Жалгасова Людмила Сергеевна – орыс ұлтынан. 2004 жылы Челябі облысы, Карталы қаласындағы училищені «құрылыс әрлеу жұмыстарының шебері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрын үй шаруасымен айналысқан, ал бүгінде жеке ісін дөңгелетіп, автотұрақта бақылаушы қызметін атқарады.
Бұл отбасының ерекшелігі – ұлттық дәстүрлерге деген құрметінде. Олар Наурыз мерекесінде міндетті түрде ағайын-туысқа барып, бесбармақ, наурыз көже, бауырсақ дайындайды. Ал Православиелік Пасха мерекесінде кулич пісіріп, жұмыртқаларды бояйды. Жалгасовтар отбасы өз мерекелерінде тек туыстарды ғана емес, әр ұлттан достарын да дастарқан басына шақырады. Ал православиелік мерекелерде достары өз кезегінде оларды қонаққа шақырып, өз халқының тағамдарымен сыйлайды. Сондай-ақ қазақ халқының дәстүрі бойынша жаңа туған нәрестенің қырық күндік тойын, көрімдік , бір жасқа толғанда тұсау кесу рәсімін өткізеді.
Көпұлтты Жалгасовтар отбасы – елдегі ұлттар достығы мен өзара құрметтің жарқын көрінісі. Осындай отбасылардың арқасында елімізде татулық, бейбіт өмір мен келісім салтанат құрып келеді. Бұл отбасы – нағыз ынтымақ пен бірліктің символы, жастарға үлгі боларлық өнегелі әулет.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...