Теміржол – елді елмен, адамды арманмен байланыстыратын өмір тамыры. Осы саланың берекесі мен жүйелі жұмысы теміржолшылардың маңдай тері мен табанды еңбегінің арқасында жүзеге асып келеді. Солардың бірі – өз ісіне адал, жауапкершілігімен танылған, теміржолшылар әулетінің лайықты жалғасы Исмагамбетов Мырзабек Ануарұлы.
Мырзабек Ануарұлы 1967 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген. Ол – нағыз теміржолшылар әулетінің өкілі. Әкесі және бауырлары да осы салада абыройлы еңбек еткен. Бүгінде бұл дәстүр өз жалғасын тауып, отбасылық еңбек эстафетасы келесі буынға берілді: жұбайы мен үш баласы да теміржолшы болып қызмет етуде. Міне, бұл – ұрпақ сабақтастығының ең жарқын көрінісі. Бір әулеттің бірнеше буынының өмірі мен тағдыры теміржолмен тығыз байланысып, әр буын өз еңбегімен саланың дамуына үлес қосып келеді. Осындай дәстүр тек мамандық таңдауда ғана емес, еңбекке деген құрмет пен отансүйгіштікті ұрпақтан ұрпаққа дарытудың үлгісі болып отыр.
Қазіргі таңда Мырзабек Ануарұлы ПЧ-34 мекемесінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері қызметін атқарады. Күн сайын ол теміржолшылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, еңбек мәдениетін арттыруға зор үлес қосып келеді. Әріптестері оны талапшыл да әділ, іскер де ұстамды маман ретінде құрметтейді. Теміржолдағы еңбек – ерлікке пара-пар іс. Ауа райының ыстығы мен суығына қарамай, теміржолдың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Осындай қиын да қадірлі еңбектің қасында жүрген жандар – елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген нағыз еңбек майталмандары. Мырзабек Ануарұлының өмір жолы мен адал еңбегі – кейінгі ұрпаққа, әсіресе жас теміржолшыларға үлгі. Оның еңбекқорлығы мен жауапкершілігі жастарды өз ісін сүйіп, елге адал қызмет етуге үндейді.
Мырзабек Ануарұлының көп жылғы еңбегі еленіп, ол «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына арналған төсбелгімен марапатталған. Сонымен қатар көптеген Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иегері. Бұл марапаттар оның қажырлы еңбегі мен салаға қосқан үлесінің нақты дәлелі.
Исмагамбетов Мырзабек Ануарұлы – теміржолшылар әулетінің абыройын асқақтатып жүрген азамат. Оның өмір жолы – адал еңбектің, ұрпақ сабақтастығының және мамандығына деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Осындай еңбекқор жандардың арқасында теміржол өмір тамырындай соғып, ел экономикасының дамуына серпін беріп отыр.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...