10 тамыз – Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген Абай күні.
Бұл күн – халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеп, кемеңгер ақынның мол мұрасын кеңінен насихаттайтын, жас ұрпақты білімге, адамгершілікке, ұлттық мәдениетке тәрбиелейтін маңызды мереке.
Абай Құнанбайұлының шығармалары ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтқан емес. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ел бірлігі, ғылым-білім, еңбек, әділдік, ар-ождан, адамгершілік сияқты мәңгілік құндылықтар көрініс тапқан. Сондықтан да Абай мұрасын оқып-үйрену – ұлт руханиятын байытудың, ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі.
Осы атаулы күн қарсаңында еліміздің барлық кітапханаларында Абай шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әдеби кештер, кітап көрмелері, поэзия сағаттары, танымдық кездесулер, онлайн жобалар мен челлендждер арқылы оқырмандар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына тағы бір мәрте назар аударып, оның мол мұрасымен жақынырақ танысуда.
Бейімбет Майлин ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде де Абай күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мазмұнды мәдени бағдарламалар өткізілуде. Жүйедегі барлық ауылдық кітапханаларда кітап көрмелері, әдеби оқулар, тақырыптық кездесулер мен ақпараттық сағаттар ұйымдастырылып, оқырмандар арасында Абай мұрасын насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Аудандық орталық кітапханада Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай даналығы – халық мұрасы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өлеңдер жинақтары, қара сөздері, поэмалары, ғылыми-зерттеу еңбектері, өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, сондай-ақ Абайтану бағытындағы басылымдар қойылған. Көрме оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырып, ұсынылған кітаптарға сұраныс күн сайын артып келеді. Кітапханаға келушілер ақынның шығармаларын оқып қана қоймай, оның рухани мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік алуда.
Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бастамасымен әлеуметтік желілерде ауданның мемлекеттік қызметкерлері арасында «Абайды бірге оқиық» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің негізгі мақсаты – Абай шығармаларын көпшілікке кеңінен таныту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу. Челленджге қатысушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқуда.
Абай күніне арналған барлық іс-шаралар оқырмандардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық мәдени мұраға деген құрметін нығайтуға бағытталған. Ұлы ақынның даналыққа толы мұрасы бүгінгі қоғам үшін де өз маңызын жоғалтпай, әрбір қазақстандықты білімге, еңбекке, ізгілікке және елін сүюге үндей береді. Абайдың асыл мұрасын ұлықтау – өткенге тағзым ғана емес, келешек ұрпақтың рухани дамуына салынған берік негіз. Сондықтан кітапханаларда ұйымдастырылып жатқан осындай тағылымды шаралар ұлт руханиятын байытуға, кітап оқуды насихаттауға және Абай шығармашылығын жаңа буынға кеңінен танытуға зор үлес қоса береді.
Кітап сүйер қауымды кітапханаларға келіп, Ұлы ақынның шығармашылығымен кеңінен танысуға шақырамыз!
10.08.2026 08:48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және...
10.08.2026 08:47

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Абая Дорогие соотечественники! От всей души поздравляю вас с Днем Абая! Творческое и интеллектуальное наследие великого...
07.08.2026 10:08

Тазалық пен абаттандыру – баршамызға ортақ міндет! Мемлекет басшысының тапсырмасы және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданның елді мекендерінде абаттандыру...
06.08.2026 12:17

На фоне подготовки Казахстана к строительству первой АЭС ученые предлагают создать современную систему радиоэкологического мониторинга приграничных территорий. По словам представителя...
06.08.2026 12:15

Радиоэкологический мониторинг приграничных территорий Казахстана в условиях развития атомной энергетики Центральной АзииРазвитие атомной энергетики в Казахстане и соседних странах требует...
06.08.2026 10:47

В областном центре, городе Костанае, в канун профессионального праздника, Дня работников железнодорожного транспорта, состоялось торжественное мероприятие, посвященное 35-летию Костанайского регионального...
06.08.2026 10:46

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается День работников железнодорожного транспорта - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд обеспечивает бесперебойную...
06.08.2026 10:45

Когда к железнодорожной станции ТОО «Варваринское» подходит очередной состав с рудой, в работу вступает техника, которую трудно не заметить. Над...
06.08.2026 10:44

Теміржол – ел экономикасының күретамыры, ал теміржолшылар – осы алып жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін еңбек адамдары.Тәулікпен санаспай қызмет атқаратын...
06.08.2026 10:41

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается профессиональный праздник - День работников железнодорожного транспорта. Это прекрасный повод рассказать о людях,...
06.08.2026 10:40

Теміржол – мемлекет экономикасының тірегі, ел мен елді, қала мен ауылды жалғайтын стратегиялық маңызды сала. Мыңдаған шақырымға созылған болат жол бойында...
06.08.2026 10:38

10 тамыз – Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген Абай күні. Бұл күн...
05.08.2026 13:46

Comic Con Astana 2026 фестивалі 6–9 тамыз аралығында Barys Arena және «Алау» мұз сарайында өтеді. Фестиваль аясында халықаралық косплей байқауы ұйымдастырылып,...
05.08.2026 13:44

4 тамызда Өскеменде ҚСЗИ ұйымдастырған «Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» сарапшылық алаңы өтті. Қатысушылар Құрылтай сайлауы, өңірлердің жаңа саяси жүйедегі...
05.08.2026 12:18

От «тотального контроля банковских счетов» до «денежных выплат за поддержку политических партий» - в июле в информационном пространстве распространялись десятки...
04.08.2026 13:47

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің өңірлерінде еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, сарапшылар және тұрғындармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік қорғау, экономика, экология, құқықтық...
04.08.2026 13:46

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают встречи с трудовыми коллективами, общественностью, предпринимателями и экспертами в регионах страны. Основными темами...
03.08.2026 15:13

Қазақстандағы партиялар сайлауалды кездесулерін жалғастыруда. «Әділет» ауылдарды дамыту мәселелерін көтерсе, ОСДП ТКШ, экология және кибералаяқтыққа назар аударды. «Байтақ» экологияны, Қазақстан...