Теміржол – мемлекет экономикасының тірегі, ел мен елді, қала мен ауылды жалғайтын стратегиялық маңызды сала.
Мыңдаған шақырымға созылған болат жол бойында тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген теміржолшылардың қажырлы қызметінің арқасында жолаушылар діттеген жеріне аман жетіп, жүк тасымалы үздіксіз жүзеге асады. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін мамандық.
Теміржолшылар күні – осы саланың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсететін ерекше мереке. Осындай өз ісіне адал, ширек ғасырдан астам уақытын теміржол байланысы саласына арнаған азаматтардың бірі - Тобыл сигнализация және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) байланыс электромеханигі, адал еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген мамандардың бірі - Аубакиров Асхат Какимжанұлы.
Асхат Какимжанұлы теміржол саласындағы еңбек жолын 2001 жылдың сәуір айында байланыс электромонтері болып бастады. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен білімге ұмтылысының арқасында Павлодар қаласындағы ДТША оқу орнын тәмамдап, байланыс электромеханигі қызметіне тағайындалды. Еңбек жолында ол еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосты. 2004 жылы Алтынсарин–Хромтау теміржол учаскесіндегі байланыс құрылғыларын салу және іске қосу жұмыстарына белсене қатысты. Ал 2011 жылы Ресей темір жолынан берілген Тобыл–Елімай учаскесіндегі стансалардың байланыс жүйелерін қабылдау және пайдалануға беру жұмыстарына қатысып, өзінің кәсіби тәжірибесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бір қызығы, ширек ғасырлық еңбек жолының барлығы бір цехта өтті. Осы уақыт ішінде технологиялар жаңарып, байланыс құралдары заман талабына сай жетілдірілгенімен, Асхат Какимжанұлы өз жұмыс орнына деген адалдығын сақтап келеді. Оның пікірінше, уақыт өзгерсе де, еңбекке деген жауапкершілік пен кәсібіне деген сүйіспеншілік ешқашан өзгермейді.
- Осы 25 жылдың ішінде көптеген өзгерістер болды. Жаңа технологиялар енгізілді, жабдықтар жаңартылды. Бірақ біздің басты міндетіміз – пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын сақтау. Байланыс электромеханигінің еңбегі ауа райына да, тәулік уақытына да қарамайды. Кез келген ақауды жедел анықтап, күрделі технологиялық мәселелерді дер кезінде шешуге әрдайым дайын боламыз. Осындай жауапты істе туған ұжымның қолдауы ерекше күш береді, – дейді Асхат Какимжанұлы.
Теміржолшының айтуынша, әрбір еңбек жетістігінің артында отбасының қолдауы жатыр. Бұл мамандыққа деген сүйіспеншілік әулетінде жалғасын тауып, бүгінде қызы да осы байланыс саласында еңбек етуде. Бұл – мамандыққа деген құрмет пен сабақтастықтың жарқын көрінісі. Асхат Какимжанұлы еңбек ететін ШЧ-18 ұжымы – бір мақсатқа жұмылған, кәсібіне адал мамандардың ұйымшыл командасы. Олар тәулік бойы теміржол байланыс жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, қозғалыс қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді. Теміржолшылар күні қарсаңында Асхат Какимжанұлы сияқты өз кәсібіне адал, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі зор құрметке лайық. Осындай білікті мамандардың арқасында теміржол саласы тұрақты дамып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Теміржолшының адал еңбегі – елдің өркендеуіне қосылған қомақты үлес. Осындай еңбек адамдарының тәжірибесі мен жауапкершілігі жас буынға үлгі болып қала бермек.
10.08.2026 08:48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және...
10.08.2026 08:47

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Абая Дорогие соотечественники! От всей души поздравляю вас с Днем Абая! Творческое и интеллектуальное наследие великого...
07.08.2026 10:08

Тазалық пен абаттандыру – баршамызға ортақ міндет! Мемлекет басшысының тапсырмасы және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданның елді мекендерінде абаттандыру...
06.08.2026 12:17

На фоне подготовки Казахстана к строительству первой АЭС ученые предлагают создать современную систему радиоэкологического мониторинга приграничных территорий. По словам представителя...
06.08.2026 12:15

Радиоэкологический мониторинг приграничных территорий Казахстана в условиях развития атомной энергетики Центральной АзииРазвитие атомной энергетики в Казахстане и соседних странах требует...
06.08.2026 10:47

В областном центре, городе Костанае, в канун профессионального праздника, Дня работников железнодорожного транспорта, состоялось торжественное мероприятие, посвященное 35-летию Костанайского регионального...
06.08.2026 10:46

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается День работников железнодорожного транспорта - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд обеспечивает бесперебойную...
06.08.2026 10:45

Когда к железнодорожной станции ТОО «Варваринское» подходит очередной состав с рудой, в работу вступает техника, которую трудно не заметить. Над...
06.08.2026 10:44

Теміржол – ел экономикасының күретамыры, ал теміржолшылар – осы алып жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін еңбек адамдары.Тәулікпен санаспай қызмет атқаратын...
06.08.2026 10:41

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается профессиональный праздник - День работников железнодорожного транспорта. Это прекрасный повод рассказать о людях,...
06.08.2026 10:40

Теміржол – мемлекет экономикасының тірегі, ел мен елді, қала мен ауылды жалғайтын стратегиялық маңызды сала. Мыңдаған шақырымға созылған болат жол бойында...
06.08.2026 10:38

10 тамыз – Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген Абай күні. Бұл күн...
05.08.2026 13:46

Comic Con Astana 2026 фестивалі 6–9 тамыз аралығында Barys Arena және «Алау» мұз сарайында өтеді. Фестиваль аясында халықаралық косплей байқауы ұйымдастырылып,...
05.08.2026 13:44

4 тамызда Өскеменде ҚСЗИ ұйымдастырған «Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» сарапшылық алаңы өтті. Қатысушылар Құрылтай сайлауы, өңірлердің жаңа саяси жүйедегі...
05.08.2026 12:18

От «тотального контроля банковских счетов» до «денежных выплат за поддержку политических партий» - в июле в информационном пространстве распространялись десятки...
04.08.2026 13:47

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің өңірлерінде еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, сарапшылар және тұрғындармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік қорғау, экономика, экология, құқықтық...
04.08.2026 13:46

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают встречи с трудовыми коллективами, общественностью, предпринимателями и экспертами в регионах страны. Основными темами...
03.08.2026 15:13

Қазақстандағы партиялар сайлауалды кездесулерін жалғастыруда. «Әділет» ауылдарды дамыту мәселелерін көтерсе, ОСДП ТКШ, экология және кибералаяқтыққа назар аударды. «Байтақ» экологияны, Қазақстан...