Әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, қуанышы мен қиындығын бірге бөлісетін қасиетті шаңырақтың орны ерекше.
Отбасындағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, өзара түсіністік пен қамқорлық – берекелі өмірдің негізі. Осындай татулығы жарасқан, ауылдастарына сыйлы отбасылардың бірі – Құрманғалиевтер әулеті. Отбасының тірегі – Арман Жұмаділұлы Құрманғалиев. Ол теміржол саласында еңбек етіп, жауапты мамандықты абыроймен атқарып келеді. Әкенің жолын үлкен ұлы да жалғастырып, теміржолшы, машинист мамандығын таңдаған. Бұл – әке еңбегінің балаға үлгі болып, ұрпақ сабақтастығының жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Құрманғалиевтер отбасындағы ана – Шарбат Серікбайқызы. Ол ұстаздық қызмет атқарып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жүрген жан. Мұғалімдік – үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және жүрек жылуын талап ететін мамандық. Шарбат Серікбайқызыда жұмысына жауапкершілікпен қарап, отбасымен қатар кәсіби міндетін де абыроймен атқарып келеді. Шаңырақтағы балалар да әрқайсысы өз міндеттерін жақсы біледі. Бірі мектепте білім алып, арманына қарай қадам басып келе жатса, отбасының кішкентай мүшесі балабақшаға барып жүр. Ал үлкен ұлы бүгінде өз отбасын құрып, ата-анасына сүйеніш болып, әулеттің үлкен шаңырағымен байланысын үзбей келеді. Бұл отбасындағы ерекше атап өтерлік жайттың бірі – үлкен әженің орны. Мариям әже – әулеттің ақылшысы, отбасының берекесін кіргізіп отырған үлкені. Немерелері мен шөберелерінің тәрбиесіне көңіл бөліп, балаларға қамқорлық көрсетеді. Жастардың жұмысына алаңдамай, қызметтерінен қалмай, өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік жасап, үйдегі тіршілікті де реттеп отырады. Бұл – қазақ отбасындағы үлкеннің қадірін, әженің тәрбиедегі орнын айқын көрсетеді. Жұмагүл әже өз көрген-білгенін, өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа айтып, ақылын беріп отырады. Үлкеннің батасын алып, ақылын тыңдап өскен бала өмірде де дұрыс бағыт табады. Әженің әрбір сөзі – отбасы мүшелері үшін өнеге, ал оның жанында өскен немерелері үшін баға жетпес тәрбие мектебі.
Отбасындағы тағы бір жарасымды қарым-қатынас – үлкен ене мен келін арасындағы сыйластық. Немере келіні де үлкен енесінің тәрбиесін алып, оның ақыл-кеңесіне құлақ асып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу – отбасы мүшелерінің күнделікті өмір салтына айналған.
Құрманғалиевтер үшін отбасы – тек бір үйде бірге тұратын адамдардың ортасы емес, ол – қуаныш пен қиындықты бірге бөлісетін үлкен күш. Бір-біріне қолдау көрсетіп, жұмыста да, үйде де бір-бірінің жағдайын түсінуге тырысады. Сондықтан болар, бұл шаңырақта өзара сыйластық пен татулық ерекше сезіледі. Отбасы мүшелері бос уақыттарын да бірге өткізуге тырысады. Әсіресе жазғы каникул кезінде балаларымен бірге саяхаттап, еліміздің көрікті жерлерін аралап, жаңа жерлерді көруді жақсы көреді. Отбасылық саяхат олар үшін жай ғана демалыс емес, балаларға ел мен жерді танытып, бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін жақсы дәстүрге айналған.
Биыл Құрманғалиевтер отбасы көршілес Қырғызстан жеріне саяхат жасап, елдің табиғатын, көрікті жерлерін тамашалап қайтты. Осындай сапарлар отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жақындығын арттырып, балалардың дүниетанымын кеңейтетіні сөзсіз. Бірге көрген қызық, бірге өткізген уақыт – кейін үлкен отбасы естелігіне айналатын құнды сәттер.
Ауылдастары да Құрманғалиевтер отбасын ұйымшылдығы мен қарапайымдылығы үшін құрметтейді. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу, елмен жақсы қарым-қатынаста болу – олардың отбасылық тәрбиесінің бір көрінісі.
Әке – отбасының тірегі болса, ана – шаңырақтың берекесін келтіріп отырған жан. Үлкен әже – әулеттің ақылшысы. Балалар – отбасының қуанышы мен болашағы. Әр буын бір-бірін толықтырып, бір шаңырақтың астында жарасымды өмір сүріп келеді.
Отбасы күні қарсаңында Құрманғалиевтер отбасының өмірі көпшілікке үлгі боларлықтай. Себебі берекелі отбасы үлкен байлықтан емес, бір-бірін түсінуден, сыйлаудан, қолдаудан және бірге өткізген уақыттан құралады.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар. Ендеше, осындай бірлігі бекем, үлкенге құрметі, кішіге ізеті мол отбасылар көбейе берсін. Құрманғалиевтер шаңырағындағы татулық пен береке ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әрдайым қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...