Тілді құрметтеу – елді құрметтеу. Ана тілін ардақтап, өзге тілдерді үйрену – татулық пен бірліктің берік негізі. Қазақстан халқының бірлігін айшықтайтын ең маңызды құндылықтардың бірі – тілдер достастығы.
Осы орайда Тобыл кентінде тұратын, ұлты башқұрт болса да, қазақ тілін жетік меңгерген ұстаз Набиева Дария Венеровнаның өнегелі жолы көпке үлгі.
Дария Венеровна – Тобыл жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет атқарып жүрген білікті маман. Ол қазақ тілін тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын танытатын қасиетті тіл деп бағалайды. Қазақ тілін жетік меңгеруінің өзіндік бір ерекше тарихы бар. Дария Венеровна қазақ тілін ән арқылы тыңдап, ән айту арқылы үйренген. Қазақтың әсем әндерін тыңдап, сөздерін қайталап, мағынасын түсінуге талпыну арқылы тілге деген қызығушылығы арта түскен. Әннің әуені мен сөзінің үйлесімі оған қазақ тілінің көркемдігін терең сезінуге мүмкіндік берген.
«Тілді үйренудің ең жақсы жолдарының бірі – оны жүрекпен қабылдау» деген ұстанымды өміріне арқау еткен Дария Венеровна бүгінде бұл жақсы дәстүрді ұлы Ахмадқа да жалғастырып келеді. Ол баласына қазақша ән айтуды үйретіп, қазақ тілін музыка арқылы меңгеруіне жағдай жасап отыр.
Ахмад – анасының өнерге деген сүйіспеншілігін жалғастырып келе жатқан талантты жас. Ол әнді өте шебер орындайды. Жас өнерпаздың қабілеті аудандық , облыстық деңгейдегі «Алтын микрофон» байқауында байқалып, жүлделі орындарға ие болды. Осылайша Ахмадтың таланты жоғары деңгейде бағаланып, ол республикалық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл – бір отбасының ғана жетістігі емес, өнер мен тілдің, отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастығының жарқын көрінісі.
Дария Венеровнаның өзі де қоғамдық және мәдени шараларға белсенді қатысып келеді. Аудандық Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілдер – ел бірлігінің тірегі» атты байқауда бақ сынап, ІІ орынға ие болды. Бұл жетістік оның қазақ тіліне деген құрметі мен тіл меңгерудегі ізденісінің нақты нәтижесі.
Ұлты басқа болғанымен, қазақ тілін еркін меңгеріп, оны күнделікті өмірінде қолдануы – Қазақстандағы этносаралық татулық пен тілдер достығының айқын үлгісі. Дария Венеровна өз еңбегімен «Қазақстан – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүретін ортақ Отан» деген ұғымды ісімен көрсетіп келеді. Анасы Ахмадқа қазақша әндердің сөздерін үйретіп қана қоймай, олардың мағынасын түсінуге, қазақ мәдениетін құрметтеуге баулиды. Осындай отбасындағы тәрбие баланың шығармашылық қабілетін дамытып, туған жерге, тілге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Тіл – ұлт пен ұлтты жақындастыратын алтын көпір. Бір-бірінің тілін құрметтеген халықтың достығы да берік болады. Дария Венеровна мен Ахмадтың өнері осының дәлелі. Осындай отбасылардың өнегесі жас ұрпаққа үлкен тәрбие береді. Себебі тіл үйрену – тек жаңа сөздерді меңгеру емес, сол тілдің иесі болған халықтың мәдениетін, тарихын, дәстүрін түсіну. Ал қазақ тілін өнермен ұштастыра отырып үйрену – оның қадір-қасиетін жүрекпен сезінудің бір жолы.
«Тіл – ел бірлігінің тірегі» деген сөздің мәнін Дария Венеровна мен Ахмадтың өнері мен өнегелі отбасы арқылы анық көруге болады. Бұл отбасының шығармашылық жолы алдағы уақытта да талай биіктерді бағындырып, жас ұрпаққа үлгі бола берсін!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...