Қарттар күніне орай Тобыл кентіндегі «Думан» мәдениет үйінде әже мен немере арасындағы сыйластықты, ұлттық тәрбиені және отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Өнегелі әже – тәрбиелі немере» атты байқау өтті.
Тағылымды шараға әжелер немерелерімен бірге қатысып, өзара жарасымды қарым-қатынастарын, өнерлерін және ұлттық салт-дәстүрге деген құрметтерін көрсетті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде қатысушылар өздерін таныстырып, отбасы мен әже-немере арасындағы байланыстары туралы айтып өтті. Ал «Әжемді қаншалықты білемін?» кезеңінде немерелер әжелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің әжелерін қаншалықты жақсы білетіндерін байқатты. «Өнерлі әже – өнерлі немере» кезеңінде әже мен немере жұптары ән айтып, би билеп, көріністер қойып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерлерін ортаға салған қатысушылар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптелген «Әжемнің қолынан шыққан» бөлімінде әжелер өз қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын таныстырып, ұлттық тағамдарды әзірлеп, олардың жасалу жолдары мен тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Бұл кезеңде қазақ халқының қолөнері мен ұлттық тағамдарының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұрасы айқын көрініс тапты. Байқаудың ең әсерлі кезеңдерінің бірі – «Әжемнің ақылы» бөлімі болды. Бұл бөлімде әжелер немерелеріне өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, білімге ұмтылу, еңбекқорлық пен адамгершілік туралы тағылымды ақыл-кеңестерін айтты. Әженің әрбір сөзі – ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмір мектебі екені сезілді. Шара соңында әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарып, қатысушылар: Рамазан Асылым әжесі Ауканова Айгүл , Абдибекова Асылым әжесі Айтмаганбетова Гүлден,Тайшық Ақнұр әжесі Сыздыкова Асель, Байдрахман Айлин әжесі Бірмағанбетова Айгүл номинациялар бойынша марапаттап, сыйлықтар табыстады. Барлық әже мен немереге лайықты құрмет көрсетіліп, олардың өнері мен белсенділігі атап өтілді. Кеш барысында көрермендер де ерекше көңіл күйге бөленіп, әже мен немеренің жарасымды өнерін тамашалап, өз ризашылықтарын білдірді. Осы орайда сүйікті әжелерін байқауға қатысуға ертіп келген №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің кішкентай бүлдіршіндеріне алғысымызды білдіреміз. Үлкенді құрметтеп, әжелерінің өнегесін бойына сіңіріп келе жатқан бүлдіршіндердің бұл бастамасы – тәрбиенің тамаша үлгісі.
«Өнегелі әже – тәрбиелі немере» байқауы әже мен немере арасындағы мейірім мен сыйластықты нығайтып қана қоймай, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте айқындаған тағылымды шара болды.
16.10.2026 13:22

Қазақстандықтарға скринингтер мен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға...
16.10.2026 09:01

Для каждого человека дом имеет особое значение. Это место, куда мы возвращаемся после работы или учёбы, где проводим время с...
16.10.2026 07:57

Рухани келісім және этносаралық толеранттылық — қоғам бірлігінің негізі 2026 жылғы 15 қазанда Бейімбет Майлин ауданында қоғамдық келісімді нығайтуға, конфессияаралық...
16.10.2026 07:55

Духовное согласие и межэтническая толерантность — основа единства общества В районе Беимбета Майлина, 15 октября 2026 года состоялись сразу два мероприятия,...
15.10.2026 13:02

В районном центре завершилась реконструкция сразу двух спортивных площадок: для мини-футбола и стритбола. Объекты открыты в рамках поручения главы государства...
15.10.2026 13:01

В акимате района Беимбета Майлина состоялось заседание Антитеррористической комиссии, в ходе которого рассмотрены актуальные вопросы организации профилактической работы, предупреждения экстремизма...
15.10.2026 12:59

В рамках реализации республиканского проекта «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация», инициированного главой государства 7 октября 2026 года в читальном...
15.10.2026 12:58

19 октября в Казахстане отмечается День спасателя - профессиональный праздник людей, для которых готовность прийти на помощь стала не просто...
15.10.2026 12:57

В рамках исполнения Концепции «Слышащего государства» мы беседуем с временно исполняющим обязанности начальника ОЧС района Беимбета Майлина майором гражданской защиты...
15.10.2026 12:54

Ежегодно в третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства - профессиональный праздник людей, чья деятельность связана с...
15.10.2026 12:47

7 октября 2026 года в районном акимате района Б. Майлина состоялась встреча в рамках антинаркотической профилактической работы с участием учащихся...
15.10.2026 12:45

Тобыл кентіндегі КММ «Тобыл жалпы білім беретін №1 мектебінде» 5-сынып оқушылары арасында «Заң және құқық әлемінде» атты танымдық квест өтті....
15.10.2026 12:43

2026 жылғы 9 қазанда Халықаралық мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне орай аудан көлемінде ересектер мен балалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық...
15.10.2026 12:41

В рамках реализации Послания Главы государства, в котором одним из главных приоритетов является укрепление здоровья нации, пропаганда здорового образа жизни...
15.10.2026 12:38

Президент страны в своих выступлениях не единожды говорил о значимости здоровой нации и о том, что на пути в здоровому...
15.10.2026 12:36

9 октября отмечается Всемирный День почты - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд помогает оставаться на связи тысячам жителей городов...
15.10.2026 12:33

Есть профессии, в которых особенно важны не только знания и опыт, но и человеческие качества - ответственность, доброжелательность, терпение и...
13.10.2026 15:47

Учёба, работа, туризм и деловые поездки за границу стали привычной частью современной жизни. Тысячи казахстанцев ежегодно выезжают в другие страны,...