Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті, үздіксіз ізденісті және шәкіртке деген шынайы жанашырлықты талап ететін қасиетті мамандық.
Осы жолда табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогтің бірі – Дүйсенбаева Ауескүл Уәлиқызы. Ауескүл Уәлиқызы Аманкелді ауданының Бүйректал ауылында дүниеге келген. Жоғары білім алып, еңбек жолын математика пәнін оқытуға арнаған ұстаздың жалпы еңбек өтілі – 35 жыл. Бүгінде ол Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Тәжірибелі ұстаздың кәсіби білімі мен ізденісі «педагог-модератор» біліктілік санатымен де айқындалады. Ол өз пәнін терең меңгерумен қатар, заманауи білім беру тәсілдерін сабақ үдерісіне енгізіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Ауескүл Уәлиевна еңбегінің басты нәтижесі – шәкірттерінің білім додаларындағы жетістіктері. Оның оқушылары бірнеше оқу жылы қатарынан облыстық және республикалық деңгейдегі математикалық олимпиадалар мен білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып келеді. «Ақбота», «Кенгуру» сияқты республикалық олимпиадаларда шәкірттері бірнеше мәрте І орын иеленсе, облыстық математика пәні бойынша қашықтық олимпиадаларында да жоғары нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі орын алған оқушылары бар. Ұстаздың өзі де кәсіби байқаулар мен педагогикалық іс-шараларға белсенді қатысып, тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп келеді. Республикалық қашықтық «ПедСтарт» олимпиадасында ІІ орын иеленуі, «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсының аудандық кезеңінде жүлдеге ие болуы – кәсіби ізденісінің нәтижесі. Сондай-ақ облыстық семинарда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында тәжірибесімен бөлісіп, аудандық тамыз кеңесінде заманауи білім берудегі цифрлық мүмкіндіктерді тиімді қолдану тәжірибесін таныстырды. Ауескүл Уәлиеваның көп жылғы еңбегі аудан көлемінде де ескерусіз қалған жоқ. Ол «Көпжылдық адал еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін» аудан әкімінің Алғыс хатымен және «Сапалы қызмет пен кәсіптік шеберлігі үшін» марапатымен атап өтілді. Ұстаздың бойындағы еңбекқорлық, жауапкершілік, тиянақтылық пен кәсіби ізденіс – жас мамандарға үлгі. Ол өз міндетін жедел әрі сапалы орындап, әр оқушының қабілетін ашуға ұмтылады. Математика секілді нақты ғылымды меңгертуде ұстаздың сабырлылығы мен жүйелі еңбегінің маңызы зор. Бүгінде Ауескүл Уәлиқызының еңбек жолы – білім саласына деген адалдықтың жарқын үлгісі. Ал шәкірттерінің түрлі деңгейдегі білім сайыстарында көрсеткен нәтижелері – сол еңбектің ең бағалы жемісі.
Ұстаздар күні қарсаңында барлық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс және шәкірттерінің жаңа жеңістерін көруді тілейміз!
16.10.2026 13:22

Қазақстандықтарға скринингтер мен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға...
16.10.2026 09:01

Для каждого человека дом имеет особое значение. Это место, куда мы возвращаемся после работы или учёбы, где проводим время с...
16.10.2026 07:57

Рухани келісім және этносаралық толеранттылық — қоғам бірлігінің негізі 2026 жылғы 15 қазанда Бейімбет Майлин ауданында қоғамдық келісімді нығайтуға, конфессияаралық...
16.10.2026 07:55

Духовное согласие и межэтническая толерантность — основа единства общества В районе Беимбета Майлина, 15 октября 2026 года состоялись сразу два мероприятия,...
15.10.2026 13:02

В районном центре завершилась реконструкция сразу двух спортивных площадок: для мини-футбола и стритбола. Объекты открыты в рамках поручения главы государства...
15.10.2026 13:01

В акимате района Беимбета Майлина состоялось заседание Антитеррористической комиссии, в ходе которого рассмотрены актуальные вопросы организации профилактической работы, предупреждения экстремизма...
15.10.2026 12:59

В рамках реализации республиканского проекта «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация», инициированного главой государства 7 октября 2026 года в читальном...
15.10.2026 12:58

19 октября в Казахстане отмечается День спасателя - профессиональный праздник людей, для которых готовность прийти на помощь стала не просто...
15.10.2026 12:57

В рамках исполнения Концепции «Слышащего государства» мы беседуем с временно исполняющим обязанности начальника ОЧС района Беимбета Майлина майором гражданской защиты...
15.10.2026 12:54

Ежегодно в третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства - профессиональный праздник людей, чья деятельность связана с...
15.10.2026 12:47

7 октября 2026 года в районном акимате района Б. Майлина состоялась встреча в рамках антинаркотической профилактической работы с участием учащихся...
15.10.2026 12:45

Тобыл кентіндегі КММ «Тобыл жалпы білім беретін №1 мектебінде» 5-сынып оқушылары арасында «Заң және құқық әлемінде» атты танымдық квест өтті....
15.10.2026 12:43

2026 жылғы 9 қазанда Халықаралық мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне орай аудан көлемінде ересектер мен балалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық...
15.10.2026 12:41

В рамках реализации Послания Главы государства, в котором одним из главных приоритетов является укрепление здоровья нации, пропаганда здорового образа жизни...
15.10.2026 12:38

Президент страны в своих выступлениях не единожды говорил о значимости здоровой нации и о том, что на пути в здоровому...
15.10.2026 12:36

9 октября отмечается Всемирный День почты - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд помогает оставаться на связи тысячам жителей городов...
15.10.2026 12:33

Есть профессии, в которых особенно важны не только знания и опыт, но и человеческие качества - ответственность, доброжелательность, терпение и...
13.10.2026 15:47

Учёба, работа, туризм и деловые поездки за границу стали привычной частью современной жизни. Тысячи казахстанцев ежегодно выезжают в другие страны,...