«Ешкімге ұқсамайтын дербес орыны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында біздің Калинин селолық округінде де ауқымды істер атқарылуда.
Аймақтағы екі мектепте, Калинин балабақшасында жоспарға сәйкес, тәрбиелік іс-шаралар, сынып сағаттары, тақырыптық викториналар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін салт-дәстүр сайыстары өткізіліп тұрады. Береговой орта мектебінің, Нагорный негізгі мектебінің ата-аналар жиналысында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік» тақырыбы бойынша пікірталас жүргізілді. Калинин селолық мәдениет үйі, Нагорный ауылдық клубы, аймақтағы екі кітапхана тұрғындарға түрлі концерттік бағдарламалар, тәуелсіз мемлекетіміздің, округтың тарихы жайлы көрмелер ұйымдастыруда, олар; «Аймақтағы қазба байлықтары», «Ұлы дала елі», «Халық шығармашылығының сарқылмас бұлағы», «Зергерлік бұйымдар әлемі», «Ұлттық киімдер поэзиясы», «Халық әндері мен ұлттық халық аспаптарының сиқырлы дыбыстары», «Тарих тереңінен шығатын ұлттық дәстүрлер – халықтың жаны», тағы басқалар. Округте 17 ұлттың өкілі бір шаңырақтың астында тыныш өмір сүруде. Береговой селосында халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін барлық талапқа сай; кафе, шаштараз, тігін цехы жұмыс істеп тұр. Әнші, биші әртістерімізге костюмдер, «Викторовское» ЖШС жұмыскерлерінің арнайы киімдері де осы өзіміздің тігін цехында тігіледі. Рудный қаласынан күнделікті алты мезгіл автобус жүріп тұрады. Әрбір бейсенбі сайын Нагорный, Береговой ауылдарына қаладан пропан газ баллонын толтырып беретін арнайы көлік келіп, халық қажетін өтейді. Бағасы да қолжетімді – 1100 теңге.
Аймақтағы «Викторовское» ЖШС директоры И.И.Кулик әрбір іс-шараға демеуші болып, көмек береді. Ауыл дәрігерлік емханасына ЖШС өз қаражатына 5 млн. 470 мың теңге тұратын жаңа жедел жәрдем автокөлігін сатып алып берді. ЖШС демеушілігімен екі мектептің оқушылары тегін тамақтануда. Ауданда, облыста өтетін мәдени спорттық шараларға бару жол шығынын, жағармай шығынын ЖШС үнемі көтеріп отырады. Аймақтағы екі мәдениет ошағы да ЖШС қаражатына күрделі жөндеуден өткен талапқа сай, оның айғағы, жыл соңында облыс орталығы Қостанай қаласында өткен «Ең жақсы ауыл клубы - 2017» байқауында бас жүлде 300 мың теңгенің сертификатын біздің Калинин ауылдық мәдениет үйінің жеңіп алуы. Бұл жеңіс оңай келген жоқ, әрине, қаржы жағынан бірінші демеушіміз «Викторовское» ЖШС директоры И.И.Куликтің көмегімен, бос уақытын өнерге арнаған малшы, сауыншы, механизатор, мұғалім, мемлекеттік қызметкер, оқушы, зейнеткер - «бәрінің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» еңбек етуінің жемісі деп білеміз. Мәдениет үйінің директоры Е.Кузнецова, хореограф Н.Маркованың басшылығымен түрлі үйірмелер жұмыс істейді, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ауыл мәдениет үйінде бос уақыттарын өткізеді. Әрбір мерекеде ауыл клубы, мәдениет үйінде мерекелік концертті ауыл тұрғындары тағатсыз күтіп отырады. Мектептердің спорт залында кешкілік ауыл жастары бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысады. Мәдени және спорттық үйірмелердің жұмысы, жастар арасында қылмыстың болмауына септігін тигізеді. Мәдениет үйінің жертөлесінде жылумен қамтамасыз етілген бос орын бар, егер аудандық спорт бөлімі, жаттықтырушыға бір штат берсе, күрес секциясын ашуға болады, жаттықтырушымыз да бар, кілем сатып алуға демеушіміз де бар. Алда әлі де атқарылатын істер көп, заман ағымынан қалмай, аулымыз әлі талай биіктерді бағындырады.
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...
29.05.2025 09:17
Профессиональный праздник работников культуры и искусства на районном уровне отметили 21 мая.В областном центре лучших работников сферы культуры и искусства...
29.05.2025 09:16
Торжественное мероприятие, посвященное Дню работников культуры и искусства, состоялось 21 мая в районном Доме культуры.Чтобы отметить свой профессиональный праздник, в...
29.05.2025 09:15
Между Китаем и Казахстаном запускается туристский маршрут29 мая 2025 года из города Сиань в путь отправится туристский поезд по маршруту...
29.05.2025 09:13
Балабақша – әр баланың өміріндегі ең алғашқы үлкен қадамдардың бірі.Мұнда бүлдіршіндер тек әріптер мен сандарды үйреніп қана қоймай, өмір сүру...
29.05.2025 09:10
Благотворительность в действии - так можно охарактеризовать участие АО «Варваринское» в районном конкурсе «Бауырсак time», прошедшем весной этого года. Приуроченный...
22.05.2025 13:19
Көктемгі дайындық– механизатор еңбегі- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл –...
22.05.2025 13:03
Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол...
22.05.2025 13:02
18 мая в календаре праздничных дат, исторических событий и дат отмечен как международный день музеев. Уже не первый год реализуется...
22.05.2025 13:00
С самого рождения наши мамы были нашими лучшими друзьями. Они всегда нас поддерживали и успокаивали в трудные моменты жизни. Материнскую...
22.05.2025 12:59
21 мая отмечают праздник люди, чья профессия наполняет жизнь страны и людей эмоциями, смыслами и красотой. День работников культуры и...
22.05.2025 10:25
Наш район всегда славится доблестными спортсменами. Все больше детей вовлечены в активный образ жизни, занятия спортом и ведение здорового образа...
22.05.2025 10:24
Для развития потенциала среди молодежи и обмена опытом проводятся творческие конкурсы и мероприятия. В начале мая в областном центре состоялся...