- Подробности
-
Категория: №23 (10343) от 7 июня 2018 года
-
Создано 07.06.2018 07:57
-
Просмотров: 4639
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 1997 жылдан бері, жыл сайын ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Тарандықтар да сол қасіретті жылдардың құрбандары болып, жазықсыз атылғандарды еске алып, осы датаны азат тұту күні ретінде атап өтті.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қостанай облысы бойынша себепсіз халық жауыдеп сотталғандар саны – 5400 адамды құрайды, ал ең жоғары жаза – ату жазасы 1640 адамға шешім шығарылып, ату жазасы орындалған. Көптеген халық, ұлт өкілдеріне де өз кесірін тигізген қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг басталмас бұрын аудандық әкімдікте мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, жазаланғандардың балалары мен туғандары, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, аудан орталығы мекемелерінің және жастар бірлестіктерінің өкілдері жиналды. Митинг барысында аудан әкімі бастаған бір топ адам қуғын-сүргін құрбаны болған жерлесіміз Бейімбет Майлиннің мүсініне гүл қойып, мәдениет үйіндегі музыкалық-әдеби кештің куәгері болды. Аудан әкімі Қуандық Испергенов өзінің сөзінде осы күннің маңыздылығына тоқталып, А,Байтұрсынов, М. Дулатов, М,Жұмабаев, С.Сейфулин, Б.Майлин сынды жастай солған жасампаз тұлғалардың есімдерін атап өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова да өз ойын ортаға салып, жүректі тебірентті. Музыкалық-әдеби кештің барысында тақырыпты аша түсетін ән де орындалды, авторлық өлең де оқылды, бір минут үнсіздік те жарияланды. Митинг соңында қалыптасқан дәстүр бойынша қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне аспанға ондаған ақ шарларын ұшырды. Бұл – тарихқа мінәжат! Бұл – тағзым!Кейін аға буын өкілдері аудандық орталық кітапхана мен Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға бет алды. Олар жылы ниетті кездесуде шай іше отырып, қызықты деректерге, презентацияларға және бейнероликтерге толы бағдарламадан ерекше әсер алып қайтты.