- Подробности
-
Категория: №23 (10343) от 7 июня 2018 года
-
Создано 07.06.2018 07:58
-
Просмотров: 4720
2017 жылы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында «Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз» жобасы басталған болатын. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері айтулы және мерейтойлы күндердің күнтізбесін құрып, соған сәйкес жаппай іс-шаралар мен арнайы басылымдарды әзірлеп, шығарған-ды. Газетіміздің 80 жылдық мерейтойы да назардан тыс қалған жоқ.
«Аудандық «Маяк» газетінің тарих беттері» деп аталатын дайджестің редакторы Гаухар Асанова, құрастырушысы Светлана Король газеттің жарыққа шыққан сонау отызыншы жылдардан бастап, бүгінгі басылымдарға дейін қамтыған. Газеттің редакциясында, типографиясында еңбек еткен жандар туралы да баяндаған. Олар басылымды кітапхананың электрондық каталогы мен электронды қаталогтың толық мәтінді дерекқорына, сондай-ақ, газеттің редакциясының, Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұсынған ақпараттарына, фотосуреттеріне сүйене отырып, аталмыш дайджесті құрастырған көрінеді.
«Дайджес, яғни басқа басылымдардың негізгі материалдарын қысқарта көшіріп басатын мерзімді басылым «Аудандық «Маяк» газеті дамуының басты кезеңдері» және «Газетте жұмыс істегендер...» деген тараулардан тұрады. Бірінші тарауда аты айтып тұрғандай, газеттің құрылуы, даму кезеңдері жайлы ақпараттандырсақ, екінші тарауда редакторлары, тілшілері жайлы мәлімдедік», - дейді Светлана Николаевна. Оның айтуынша, фотосуреттерге толы дайджеспен кітапхананың сайтындағы «Рухани жаңғыру» бөлімінде (сілтеме:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
) және «Однаклассники» әлеуметтік желісінде таныса аласыздар.