Сап та түзеді, ән де айтты

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_20_20-2019_11.jpgС. Ерғалиев атындағы орта мектебінде «Ән мен сап» байқауы өтті. Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараға 5-11-сынып оқушылары қатысты.


Патриоттық байқау барысында әр сыныптың саптық дайындығын, саптық әні мен құрамның сырт келбетін бағалаған әділқазылар алқасы қосымша элементтерге де аса мән берді. Аталмыш мектептің АӘД мұғалімі-ұйымдастырушысы Азамат Мухамбетжановтың оқушыларды тиянақты, жоғары жауапкершілікпен дайындағаны көрініп-ақ тұр. Әсіресе, олардың киім кию үлгілері бірден көзге түсті. Қорытынды сөз сөйлеген әділқазылар алқасы да қатысушылардың сырт келбетін тілге тиек етіп, саптық дайындығын көрсету кезіндегі оң тұстары мен кемшіліктерін де айтып өтті.
Іс-шараның қадірлі қонақтары педагогикалық еңбек ардагері Чермашенцев Владимир Семенович, ауған ардагері Бимурзин Есен Қалжанұлы, Таран ауданының Қорғаныс істер бөлімінің бастығының орынбасары Коршун Владимир Александрович болды. Ардагерлеріміз айтулы мерекелер қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, байқаудың маңыздылығына да тоқталып өтті.
Оқушылардың сенімдері айқын, қадамдары нық екеніне кәміл сенеміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане