«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_21_21-2019-11.JPGЖалпыұлттық ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.
Аталмыш жиналыс «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі.
Ата-ана жиналысындағы күн тәртібінің мәселелері: «Жыл табысы»: 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктер, оқу жылының қорытындылары, оқу процесін цифрландыру, мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.
Жергілікті психиологтардың айтулары бойынша, дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді.
Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане