Балаларды қорғау күні Тобыл кентінде

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_23_23-2019_12.jpg1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні əлемнің біраз елінде тойланады. Біздің еліміздің барлық аймақтарында мерекені сəн-салтанатымен атап өту игі дəстүрге айналған. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке Тобыл кентінде де кең көлемде аталып өтті.


1 маусым Тобыл кентінің балдырғандары үшін де қуанышқа толы күн болды. Саябақтың əр алаңында əртүрлі спорттық, ойын-сауық жарыстары ұйымдастырылған. Кішкентай құлыншақтар сабын көпіршіктерімен ойын қызығына берілді. Мерекелік шараға қатысқан əр балаға тəтті балмұздақтар үлестіріліп, мейрамға орайластырылған сауда-саттық та мерекенің сəнін келтірді. Бұл күні Тобыл кентінің кітапхана ұжымы да тасада қалған жоқ. Кітапханашы Алмагүл Балғабайқызы балаларға арнап түрлі ойындар ұйымдастырды. Ойын аншлаг,жазға байланысты трлі жұмбақтар, көптеген ойындарға бүлдіршіндеріміз атсалысып,викториналық сұрақтарға жауап берді. Шараның соңында балалар «Жазғы сурет» атты сурет салу жарысымен көңілді аяқтады. Балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған кеш үлкен-кішіге қуаныш пен жақсы көңіл-күй, ұмытылмас сəттер сыйлады. Жас балапандар – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі бүлдіршіндер - ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі. Тəуелсіз мемлекетіміз осылар арқылы гүлденеді, осылардың жан-жақты тəрбие, сапалы білім алып өсуі арқылы кемелденеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане