Алақай, жазғы демалыс!

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_23_23-2019_6.JPGБалалардың асыға күтетін мерейлі маусымы бұл - жаз мезгілі! Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашты.


Осындай жазғы демалыс алаңдарының бірі -1 маусымнан бастап С.Ерғалиев атындағы орта мектеп жанынан құрылды. Ойын-сауық алаңы оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, күні бойы уақыттарын ғаламторда өткізбей, бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға бағытталған. Жазғы демалыс алаңының жетекшісі Тамаша Қосқадамованың мәлімдеуінше, биылғы маусымда мұнда 20 бала демалуда. Олар таңғы 9.00-ден бастап түске дейін уақыттарын осында өткізеді. Өзінің бос уақытын осында өткізіп жүрген 5-сыныптың оқушысы Жанерке Аманбаева өзіне ұнайтынын айтады: – Лагерьде топ болып ойын ойнаймыз, қызықты есептер шығарамыз. Мен жазғы демалысымды қызықты өткізіп жатырмын. Маған мұнда ұнайды. Апайларымыз бізге әдептілік, кішіпейілділік, өзімізді қалай ұстау керектігімізді үйретеді, – дейді.
«Осы алаңға жауапты мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, «Робототехника негіздері» сынды түрлі үйірмелер мен секциялар, төрт аула клубы мен компьютерлік клуб ұйымдастыруда. Денсаулық жақсарту алаңына МАДС және бастауыш сыныптардың ата- аналарының да балаларын тізімге кіргізу өтініштерін білдіргенін атап өту керек. Әдеттегідей жазғы демалыс кезінде жеті топқа бөлінген 5-10-сынып оқушыларымен мектеп алдын көгалдандыру және мектеп алдының тазалығын сақтау жұмысы жүргізіледі», - дейді Тамаша Қосқадамова.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане