Ата-аналар сыйлаған көңіл-күй

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_23_23-2019_13.JPGЖаз-бұл əрбір бала асыға күтетін жыл мезгілдерінің бірі. Бұл мезгіл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке- 1 маусым-балаларды қорғау күні. Сондықтан да, бұл мерекені тойлаудан еш бала шет қалмауы тиіс.


Балалардың қуанышынан артық не бар?! Балалардың бал-бұл жайнаған жүзі, күміс күлкісі, алаңсыз бақытты балалық шағынан асқан ғажапты таппассыз. Бала деген бір бақыт, баланы қуантқаның - əлемге шуақ шашқаның. Балғын балақайлар – болашағымыздың баянды жолы, өміріміздің мəні, көңіліміздің сəні. Балаға жасалған бар жақсылық болашақ жолындағы ұлы іспен тең. №116 Тобыл орта мектбінің 3-сынып ата-аналары мен сынып жетекшісі Елена Петровна балаларға 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,қызықты «Қарақшылар еліне» атты ойын саяхатын ұйымдастырды. Балаларды ауыл сыртына шығарып, көңілдерін көтеріп, түрлі ойындар ойнатты. Біз де балалардың қуанышымен бірге бөлісіп қайттық. Бүлдіршіндеріміздің ата-аналары мен сынып жетекшісіне деген алғыстары шексіз. Саяхаттың қызықты болғаны соншалық, балалары бұл күнді ешқашан ұмытпайтындай әсерде жүрді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане