Бақытқа бастар жол

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_32_32-2019_3.jpg2019 жылы Жастар жылының салтанатты ашылуы еліміздің жастарын бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес.
«Ол мұны кезекті Жолдауында да ашып айтты. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін, кез-келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс.Жастардың патриоттық рухы туған жерге деген сүйіспеншіліктен, оның дамуына өз үлесін қоса білуінен көрініс таба алуы керек»,- дейді «Батыр» спорт клубының көшбасшысы Евгений Николаевич Старчеус. Бүгінгі санымызда Юбилейный ауылындағы «Батыр» спорт клубы туралы айтпақшымыз. 2018 жылы «Zhasproject» жастардың дамуына арналған жобаға қатысып, 6 жоба грантқа ие болған еді. Солардың бірі-«Батыр» спорт клубының жастары. Дәл осындай атауымен қазіргі таңда жігіттер жұмыстарын жалғастырып келеді. Жалпы, спорт клубына ауыл бойынша 10 адам келеді.
- Мақсатымыз-пайда тауып, атағымызды шығару емес. Біз үшін жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап, өскелең ұрпақтың дені сау болуына қол ұшымызды беру болып табылады, - дейді жоба бастаушысы Ғалымжан Мухамедов. «Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті»,- деп атап өтті Ғалымжан.
Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкәппар өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң, берері мол - сиқырлы әлем.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане