Қазақ күресінен облыстық жарыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_46_1.jpg8-ші және 10-шы қараша күні аралығында Қостанай қаласы, Тобыл селосында Ыбырай Алтынсариннің 178 жылдығына орай 2008-2009 жылғы ер балалар арасында қазақша күрестен ашық турнир өтті.


Ауданымыздың ер балалар арасыннан спорт шеберлері тасада қалған жоқ. Набережный ауылдық округінің спортшылары Тобыл селосына барып бақтарын сынап келді. Турнир барысында облысымыздың түкпір – түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынады. Екі қатар төселген күрес кілемінде қара терге түскен балуандар. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» дегендей, турнир барысында жер бауырлап жатқан қарсыласының белінен алып, ыңғайлы жағына аударып тастау әркімнің арманы болды. Бұл жарысқа Алматы қаласынан, Ерейментау қаласынан, Екібастұз қаласынан және де Ақкөл қаласынан спортшылар да болды. Набережный ауылынан 3 спортшы барып, 2 спортшы жүлдемен оралды. Олар – Алихан Жүніс-35 кг-нан 3-орын, Қанағат Бостан -46-кг-нан 3-орынды қанжығаларына байлады.
«Бұл турнирдің мақсаты-жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру деп ойлаймын. . Жеңіс тұғырынан көрінген палуандарға медаль мен дипломдар табысталды. Жалпы, боз кілемде 250 спортшылар күш сынасты,- дейді Набережный ауылдық округінің жаттықтырушысы Жәнібек Нағызхан.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане