«Ең үздік ерікті-2019»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_50_50-2019_5.JPGАсем Байканова үшін ең маңызды іс десек қателеспегеніміз. Жастар – қоғамның айнасы екені даусыз. Өскелең ұрпақтың жанарындағы жалынды көріп, бойындағы құлшыныс пен талпынысты көріп, болашақтың анық та, айқын боларына көз жеткізгендей боласыз.
«Тәуелсіз мемлекетте өмір сүретін, өзіндік құндылықтары бар, өзі шешім қабылдай алатын, өз ырқымен мұқтаж адамға көмек қолын созатын адам. Бір іс-шара жоспарланған соң, ол шараны ұйымдастыру жұмыстарымен кім айналысатыны белгілі болады. Біз де өз ортамыздан кімнің қандай іс-шараға барып, көмектесетінін анықтаймыз. Солай жұмыс жасап келеміз»,- дейді Асем Байканова.
Тынымсыз еңбегінің арқасында, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуінің арқасында бүгінде ауданымыздың «Алтын кітабына» еніп отыр. Асем Байканова еріктілер құрамына мектеп оқушысы кезінен бастап атсалысып келеді. Адамдарға қол үшін созу жас қызымыз ұшын сауапты іс десек болады.
«Ерікті болу мақсатың мен ниетіңе ғана байланысты. Егер шынымен қатысқың келсе, шынымен жақсылық жасағың келсе, оған қашан да уақыт табылады. Ал, мүлде уақыт жетпей жатса, кедергі келтіріп жатса, онда ол істі бастамаған да абзал»,- дейді жас ерікті. Болашағынан үлкен үміт күттіретін болашақ жас маман, бүгінде өзінің бастаған ісін тоқтатпайтынын айтты. Алға қойған мақсаттары да жетерлік, мұқтаж жандарға көмектесіп, жақсылық жасау - оның ең бірінші міндеті десек болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане