Тобылда КТК ойыны өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_51_51-2019_12.jpg13 желтоқсан күні Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде жұмыс жасайтын жастар арасында Жастар жылына арналған «Біз –Қазақстан жастары» тақырыбында көңілді тапқырлар клубы ойыны өтті. КТК ойындары жастар арасында ұжымшылдық сезімін, белсенді және шығармашыл тұлғаны әуесқой өнердің танымал жанрына қатысу арқылы қалыптастыру мақсатында өткізілді.


Сайыста №1 Тобыл орта мектебі, Тобыл орта мектебі, «Қостанай индустриялық педагогикалық колледжі» командалар өнер көрсетіп, өз намысын қорғады. Сайыс барысында, олар өтімді әзілдерімен көпшілікті тәнті етті. Сайыста, әсіресе, Тобыл орта мектебінің «Тобыл KZ» командасы өздерінің ұтымды әзілдерімен ерекшеленді. Ақтық сын өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, 1-орын-«Тобыл KZ» командасы жеңіске жетті. Екінші жүлде «Четыре подруги Оушена», ал, үшінші орынды – «Мы немного не в себе» командасы иеленді. Әділқазылар шешімі бойынша Құрманғалиев Жаслан «Үздік ойыншы» марапатына ие болды. Сайысқа қатысқандардың барлығы Жастар орталығы ресурсының, аудандық «Nur Otan» партиясының және Тобыл әкімінің грамоталарымен, сыйлықтарымен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане